Әлем баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1300433
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat (Сауд-ағылшын):  Ирактың бас қаласы Бағдатта шерулер артты және 5 шеруші қаза тапты.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Ливанда шерушілер саны артты және жалпы халықтық наразылық акциясы үшін шақыру тасталды.

Al-  RIYAD (Сауд Арабиясы): Иордания үкіметі отставкаға кетті.

Deutsche Welle: Zwickau қаласында нәсілшіл «NSU» ұйымы құрбандары үшін отырғызылған ағаштар орын алған ескерткіш паркіне барған Германия канцлері Меркель халықты радикал оңшылдықпен күреске шақырды.

Handelsblatt.com: Канцлер Меркель Үндістан сапарынан сауда саласы үшін нақты бір нәтижемен оралған жоқ.

Tagesschau.de:  Германия Ішкі істер министрлігінен ескерту өздерін «Халық қорғаныс қарулы күші» деген мағынаға келетін 'Bürgerwehr' деп атаған радикал оңшылдарда террор ықтималы.

 Le Parisien: Экономикалық көш: Француз үкіметі босқын санын шектегісі келеді.

Le Monde: Шанхайда Эммануэль Макрон Қытайды шетелге одан көп ашық болуға шақырды.

Le Figaro: Жаһандық ысыну: Франция АҚШ-тың Париж келісімінен ресми түрде шегінуінің өкінішті екенін мәлімдеді.

El País (Испания): Испания королі Фелипе Каталонияда болып жатқан қақтығыс пен мейірімсіздіктің орны жоқ екенін атап көрсетті.

Clarín (Аргентина): Чилидегі наразылық акциялары кезінде 2 әйел полицияға молотоф бомбасымен шабуылдады.

El Universal (Мексика): Мексикада «LeBarón» жанұясына қастандық жасалды: 9 бала, барлығы 12 адам қаза тапты.

Lenta.ru: Украина Ресеймен табиғи газ транзитін тоқтатуға дайын екенін білдірді.

Regnum: Украина халықаралық қоғамды Керч бұғазында украиналық кемелерді тоқтатқаны себепті Ресейге санкция жасауға шақырды.

Russia Today: АҚШ радио-электроникалық соғыс басталған жағдайда, Ресей мен Қытайға жеңілетінін білдірді.

Егемен Қазақстан газеті: Түркістан ірі мегаполиске айналады.

Қазинформ халықаралық ақпарат агенттігі: Елбасы Түркістандағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

 



Ұқсас жаңалықтар