Әлем  баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1276121
Әлем  баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat: Сауд Арабиясының сыртқы істеріне жауапты мемлекеттік министрі Әділ әл-Жубейр: Иран бізге шабуыл жасайтын болса қол қусырып отырмаймыз.

Aljazeera.net: Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы жиналысында сөйлеген сөзінде әлемнің түрлі аймақтарындағы мұсылмандар мәселесіне және аз мемлекеттің әлем жүйесіне егемен болғаны тақырыптарына тоқталды.

Alquds Alarabi: Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясында лидерлердің жасаған баяндамалары: Трамп Иранға қарсы қатал тұғыр ұстанды. Рухани атомдық келісімнің жалғасуы үшін еліне жасаған санкцияларды күшінен қалдыру керектігін айтты. Ердоған Хашхаджи қастандығын қадағалап отыратынын білдірді.

Bild.de: Федерал Германия үкіметі Кондор Әуе жолдарын құтқаруда. Банкротын жариялаған туризм фирмасы «Thomas Cook»-тың ең маңызды партнерінің бірі  Кондор Әуе жолдарын Германия үкіметінің 300 миллион евролық бір несие арқылы құтқаратыны білдірілді.

Spiegel.de: Франция президенті Эммануэль Макрон Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында кездесу өткізу үшін жұмыс істеуде. Германия канцлері Ангела Меркельден кейін Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон де Вашингтон мен Тегеран арасында кездесу өткізу керектігін айтты.

Deutsche Welle: Қытайдың астанасы Пекинде алпауыт әуежай ашылды. Әуежайдың құрылысы тек 4 жыл ғана жалғасты.

Lenta.ru хабар сайты: Бұқаралық пікір бойынша орыс азаматтарының 59 пайызы елдің ең маңызды мәселесінің бағаның өсуі екенін ойлауда.

Орыс хабар агенттігі TASS: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Бас ассамблеясына қатысуына виза берілгеніне орай АҚШ-қа «алғыс айтты».

Риа Новости ақпарат агенттігі: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас ассамблеясында кездесті.

Le Parisien: Америка Құрама Штаттары: Демократтар Дональд Трамптың кетуі үшін тергеу бастады.

Le Monde : Саид Бутефлика(Алжирдің бұрынғы президенті Абдельазиз Бутефликаның інісі) Блида әскер соты тарапынан 15 жыл түрме жазасымен сотталды.

France 24 : Біріккен Ұлттар Ұйымында Эммануэль Макрон Франция мен Иран арасында жасалған атомдық қару келісімі тақырыбында «келіссөздерді» қайтадан бастау жөнінде үндеу тастады.

El País (Испания) :  Испания премьер-министрі Педро Санчес Біріккен Ұлттар Ұйымында сөйлеген сөзінде диктатор Франконың мазар орнының өзгертілуімен байланысты «Бүгін тарихымыздың қараңғы бір кезеңін жабудамыз» деді.

El Mundo (Испания): «Thomas Cook» әуе жолдарының жолаушылары: «Билеттер үшін төлеген ақшаларыңызды қайтарып бергіміз келеді».

TeleSur (Венесуэла): Президент Мадуро: «Әділет және теңдік үшін күрес жүргізудеміз».

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев: Ядролық қарусыз әлемді құру – Қазақстанның аса маңызды бағыты.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар