Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1275052
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat (Сауд-ағылшын): Еуропа Сауд Арабиясына жасалған шабуыл тақырыбында Иранды айыптауда.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Президент Режеп Тайып Ердоған: Қорқытулар Иерусалим және Палестинаның құқығын қорғаудан бас тартқыза алмайды.

Al-  Vatan (Оман): Ирак : Көрші елдерге жасалатын әскери операциялардың бастау жері жоқ.

Vtv (Венесуэла): Венесуэла президенті Николас Мадуро Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.

El Pais (Испания): Жоғары сот бекітетін болса, Үкімет Франконың мәйітін сайлау алдында басқа жерге көшіруге дайын.

Jornada (Мексика): Швециялық активист Грета Тундберг Нью-Йоркте: «Шындықтың не екенін ашық айтатындай батыл емессіздер».

«Lenta.ru» хабар порталы: Венесуэла президенті Николас Мадуро Ресейге жоспардан тыс жедел түрде ресми сапар ұйымдастыратынын білдірді.

«Russia Today» хабар порталы: Ресейдің қорғаныс министрлігінен Сириядағы Хмеймим әскери базасына қай дрондардың құлағаны жайлы ақпарат келді.

RİA Новости хабар агенттігі: Украина Ресеймен теңіз шекараларын анықтау мақсатымен келіссөздерді дереу бастауға шақырды.

Le Monde (Франция): Лондон, Париж және Берлин Сауд Арабиясындағы шабуылдардың жауаптысы ретінде Иранды айыптайды.

Le Figaro (Франция): Эммануэль Макрон Грета Тундбергті (швециялық активист) «қоғамдарды арандатушылықпен» айыптады.

Le Parisien (Франция): Страсбург қаласы 2025 жылдан бастап дизел көліктерге тыйым салады.

DW (Германия): Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ жиналыстарына қатысу үшін барған Нью-Йоркта Германия канцлері Ангела Меркельмен бас қосты. Екі басшының кездесуінде босқын келісімі қолға алынды.

Неміс мемлекеттік арнасы «ZDF»: Ұлыбританияда премьер-министр Борис Джонсонның парламентте 5 апта демалыс жариялауы тақырыбында жоғары соттың нақты шешімі күтіледі.

Welt газеті: Сауд Арабиясындағы шабуылдың құпия жеңімпазы – әлемнің екінші ірі мұнай экспортшысы Ресей.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті.

Қазинформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар