Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1266619
Әлем баспасөзіне шолу

Alquds Alarabi: Израиль армиясы Газада өзінің ұшқышсыз әуе аппаратының құлағанын растады.  

Alquds Alarabi: АҚШ президенті Дональд Трамп: «Иран президенті Хасан Руханимен кездесуде ешбір проблемам жоқ» деді.

Alsharq Alawsat: Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху: «Иранның ядролық қару жетілдіру үшін басқа жасырын жері бар» деді.

DW: Гонгкок активисті Жошуа Вонг Берлинде.

Zdf.de: Михаэль Шумахер емделу үшін Парижге жеткізілді.

Focus.de: Дюссельдорфта ауруханада өрт: бір науқас қаза тапты, 70-тен астам адам жарақат алды.

Gazeta.ru: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Қорғаныс министрлігінің «Ресей қалыпты ел болуы керек» деген сөздеріне наразылық білдірді. Лавров: «Бұл үшін үлгілі ел АҚШ емес» деді.

TASS: Ресейде жұмыссыздық көрсеткіші маусым айында тарихтағы ең төмен деңгейге жетті.

İzvestiya: 2030 жылы 20 миллионнан астам орыс азаматы роботтар салдарынан жұмыстарынан айрылып қалуы мүмкін.

Infobae (Аргентина): Халықаралық әскери көмек талап ету үшін Венесуэлалық саясат қайраткері Хуан Гуаидоның делегациясы Америка Мемлекеттері Ұйымынан Америкалар арасы өзара көмек келісімін іске қосуын сұрайды.

El País (Испания): Эквадор венесуэлалықтарға басқа бір елге визасы болса,  транзит өтуге рүқсат беруді жоспарлап отыр.

La Vanguardia (Испания): Испанияда жаңа сайлауды болдырмау үшін PSOE және Подемос партиялары қайтадан келіссөз бастайды.

Le Monde: Франция ауғандардың елден депорт етілуін жылдамдатқысы келеді.

Le Soir: Голландияда қарулы шабуылдың жауаптысының полиция қызметкері екені алға тартылуда.

Le Figaro: Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жалғыз қалса да, Brexit тақырыбында көнбей отыр.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Наталья Годунова Президентке бюджет жобасын бағалау жөнінде баяндады.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар