Әлем  баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1246004
Әлем  баспасөзіне шолу

Alquds Alarabi: АҚШ Манама жиынының сәтсіздігінен кейін «ғасырдың келісімін» қайта жарыққа шығарып,  Палестина мемлекетінің орнына автономия болуын қалайды.

Alquds Alarabi:АҚШ Әл Кайда лидері Усаме бин Ладеннің баласы Хамза бин Ладеннің өлген болуы мүмкін екенін айтып отыр.

 Alsharq Alawsat:АҚШ Иран Сыртқы істер министріне санкция жүргізеді.

Deutsche Welle: Президент Ердоғанға балағат сөздері бар өлең оқыған неміс шоуменнің наразылығына Германия Жоғары соты да қарсы шықты.

Bild.de: Германияда адам өлтіру: Штутгарт қаласында бір қазақ жол ортасында қылышқа ұқсас қарумен өлтірілді.

Süddeutsche Zeitung: Ағылшындар Brexit үшін бюджетті екі есе арттырды.  Ағылшын Қаржы министрі Brexit үшін бюджетті 2,1 миллиардтан 4,2 миллиард Фунт стерлингке көтерді.

İnterfaks ақпарат агенттігі: Трамп Путинге ормен өртін сөндіруге көмек ұсынды.

Haberrus ақпарат агенттігі: Орыстардың 38 пайызы Путинді 2024 жылы қайтадан президент ретінде көргісі келмейді.

El Comercio (Перу): Трамп Бразилияны НАТО-ға мүше емес стратегиялық әскери одақтас деп жариялады.

Infobae (Аргентина): Николас Мадуро мен Хуан Гуаидо делегациялары Барбадоста диалогты қайта бастады.

La Vanguardia (Испания): Испания ғалымдары адам жасушаларымен маймыл эмбрионы жетілдіргендерін хабарлады.

Le Figaro:  Трамп Бразилияға «әскери одақтас» мәртебесін берді.

Le Parisien: Түрмеде тұтқындардың шабуыл жоспарлағаны жөнінде күдік пайда болды.

Le Monde: Вашингтон Иран Сыртқы істер министріне санкция жүргізді.

Егемен Қазақстан газеті: Сенат депутаттары Ақмолада ауыл шаруашылығының дамуымен танысты.

ҚазИнформ агенттігі: 2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар