Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1240680
Әлем баспасөзіне шолу

Al-  Hayat (Ливан):  Мәскеу Сирияда базарға шабуыл жасады деген хабарды жалғанға шығарды.

Alsharq Alawsat: АҚШ президенті Дональд Трамп: «Иранның CIA тыңшысын ұстадық» деген хабары – жалған».

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Хафтер армиясының бір ұшқышы Туниске қашып кетті.

Bild.de: Оңтүстік Корея әуе күштері орыс ұшағына оқ атты.  Орыс ұшағының әуе кеңістігіне заңсыз кіргені алға тартылды.

Tagesschau.de: Volkswagen-нің жаңа зауыты үшін Түркияның мүмкіншілігі бар.  Сауд Арабиясы мен Болгария да кандидат елдер қатарында.

 Deutsche Welle: 14 ел Жерорта теңізіндегі босқындарды бөлісуді қабылдады.  Еуропа Одағына мүше 14 ел Жерорта теңізінде құтқарылған босқындарды бөлісуді көздеген механизмді қабылдады. Шешімді Франция президенті хабарлады.

El País (Испания): Подемос партиясының басшысы Пабло Иглесиас Санчезге коалиция үкіметінсіз президент бола алмайтынын айтып ескертті.

La Vanguardia (Испания): Венесуэлада тағы да электр қуаты өшіп қалды.  Миллиондаған адам жарықсыз отыр.

Eldiario.es: Дағдарыстағы Никарагуа бес елмен қарым-қатынастарын нығайту үшін Сыртқы істер министрінің шетел сапарына шығатынын хабарлады.

«Rossiyskaya Gazeta» газеті: Түркия  S-400 жүйесінің бөлшектерін өндіруді бастауы мүмкін.

RİA Novosti агентігі: Хабаровск аймағындағы бір шатыр лагеріндегі өрт 9 адамға әсер етті.  Бір бала қаза тапты.

İzvestiya газеті: БҰҰ мен Халықаралық Амнистия ұйымы Украинада жасырын түрмелер бар екенін растады.

Le Figaro (Франция): Ыстық ауа циклоны: 56 аймақта қызғыл түсті дабыл соғылды.

Le Monde (Франция): Жерорта теңізіндегі босқындар жөнінде Еуропа әлі келісе алмады.

Le Parisien (Франция):  Франция Израиль армиясының палестиналықтардың үйін қиратуын айыптады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Үкімет: Жер мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралады.

Егемен Қазақстан газеті: Қор нарығының тартымдылығы артып келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар