Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1237052
Әлем баспасөзіне шолу

Al-  Hayat (Ливан): Нигерия жағалауында 10 түрік теңізшіні алып қашты.

Alsharq Alawsat: АҚШ президенті Трамп: «Иранмен үлкен жетістікке қол жеткізілді... және оның Йемендегі оқиғалардан аулақ болуын қалаймыз»

Al-Rıyad (Сауд Арабиясы): Португалия қауіпсіздік себебімен ирандықтарға виза беруін тоқтатты.

El País (Испания): Кипрдың газы үшін талас Шығыс Жерорта теңізіндегі қызуды арттырды.

El Mundo(Испания): Урсула фон дер Ляйен 14 күн ішінде Еуропа Комиссиясы төрайымы болды.

El Heraldo (Колумбия): Майк Помпео Колумбияның соңғы кезде есірткімен күрестегі жетістіктерін қабылдады.

Bild.de: Германия Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен отставкаға кеткеннен кейін канцлер Ангела Меркель Христиан демократ одағының жаңа төрағасы Аннегрет Крамп-Карренбауэрді қорғаныс министрі қылады.

 Deutsche Welle: Facebook-тың ақша бірлігі Либра алаң туғызады. Әлеуметтік желі 2020 жылдың алғашқы жартысында нарыққа шығаратын криптовалюта Либра жөнінде мамандар алаңдаулы.

Tagesspiegel.de: Түркия неге мықты? Сырқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу: «ЕО Түркияны санкцияларымен Шығыс Жерорта теңізінде тоқтатамын деп ойласа,  қателеседі»

Le Soir (Бельгия): Франция: Қатынас министрі Елизабет Борн Қоршаған орта министр ретінде тағайындалды.

Le Figaro (Франция): АҚШ-Иран: Еуропа дағдарысты тоқтатуда қиналуда.

Le Parisien (Франция): Иран текті француз зерттеуші Фариба Абделхан Иранда тұтқындалды.

 ‘Vesti’ газеті : «Солтүстік Ағын-2» табиғи газ құбыр желісінің теңіздегі бөлімінің құрылысының үштен екеуі аяқталды.

RİA Novosti ақпарат агенттігі: S-400  материалдарын тасыған он үшінші ұшақ Түркияға қонды.

Lenta.ru ақпарат парақшасы: НАТО АҚШ ядролық қарулары орналасқан алаңды қателікпен ортаға шығарды.

ҚазИнформ агенттігі: Ұлттық университет ректорларын Президент тағайындамайтын болды.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді.

 



Ұқсас жаңалықтар