Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1231906
Әлем баспасөзіне шолу

 

          

                              

 Al- Hayat (Ливан): Ирак Сириямен шекарасының қауіпсіздігін орнату мақсатымен аймақта жаңа бір әскери операция бастады.

Alsharq Alawsat: Папа мигранттарды қорғау мақсатымен гуманитарлық коридорлардың ашылуы тақырыбында Халықаралық ұйымға үндеу тастады.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Біріккен Араб Әмірліктерінің Йеменнен шегінуі жоғалтып алған абыройын қалпына келтірмейді.

El Mundo: (Испания): 2018 жылы 19.280 Венесуэла азаматы Испаниядан халықаралық қорғауды талап етті. Испания бұлардың тек 30 адамына  ғана босқын мәртебесін берді.

Telesur (Венесуэла): Николас «Диалог және халық пен әскер одағы бейбітшіліктің ең үлкен кепілі болып табылады».

El Comercio (Перу): Бразилия Перуді 3-1 есебімен жеңіп, Кубок Америкада чемпион болды.

Le Figaro: Грекияда оңшылдар жеңіске жетті.

Ouest-France: Дүлей құйын салдарынан Франция метеорология басқармасы жеті аймақта төтенше жағдай жариялады.

Le Monde: Ядролық келісім: Еуропа Иранның уранды байыту жобасына қайтуынан алаңдауда.

Орыс  TASS хабар агенттігі: Ресей әуе жолдары Грузияға рейстерін түбегейлі тоқтатты.

Орыс РИА Новости агенттігі: Орыс төлқұжаты болған 14 адамның Мексикаға кіруіне рұқсат берілмеді.

Орыс Rambler.ru медиа порталы: Ресей мен Украина арасында тікелей телеконференция 12 шілде күні өтеді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы: Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды.

А.Р! Сіздер шетел баспасөзіне қысқаша шолуды тыңдадыңыздар!

 

 



Ұқсас жаңалықтар