Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1216996
Әлем баспасөзіне шолу

Zdf.de: Сыртқы істер министрі Маас Тегеранда: Ядролық келісім тақырыбында жетістік болмады.

 Tagessschau.de: Христиан демократ партиясының мәжіліс франкциясы басшысы Бринкманн: «Крамп-Карренбауер премьер-министрлікке кандидат болады» деді.

Deutsche Welle: Дін істері Түрік Ислам одағы: Германиядағы мұсылмандарға бағытталған жек көрушілік алаңдатады.

Alsharq Alawsat: 2015 жылы әйелдерге байланысты бір конференцияға қатысқаннан кейін Иранда тұтқынға алынған ливандық іскер Незар Зекка босатылды.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Сауд Арабиясы палестиналықтарға жұмыс берген кейбір іскерлерді тұтқындады.

Al-  Hayat (Ливан): Иран «New York Times» тілшісінің баспасөз аккредитациясын болдырмай тастады.

 El Universal (Колумбия): FARC-тың бұрынғы басшысы Хесус Сантрих Колумбияда конгресс мүшесі ретінде міндетін бастады.

El País (Испания): Испания үкіметі АҚШ-тың Рота базасындағы әскери күшін нығайтуына рұқсат берді.

El Comercio (Перу): Доминик Республикасына демалуға барған АҚШ-тық туристтердің сырға толы өлімі: тек бір жылда америкалық алты турист қайтыс болды.

Ria Novosti агенттігі: Тоқаев Қазақстан президенті міндетін бастады.

İzvestiya газеті: Ресей Ішкі істер министрлігі есірткі айыбымен үй қамауына алынған журналист Иван Голуновқа бағытталған тергеуін тоқтатты.

TASS ақпарат агенттігі: 12 маусым, орыс азаматтар Ресей күнін тойлап жатыр.

Le Parisien: Президент Эммануэль Макрон «жынданған капитализмнің бұрыстарына» қарсы ескертеді.

Le Figaro: Макрон саммиттен бұрын Путинмен «қайтадан динамика қалыптастырғысы» келеді.

Le Soir: Трамп Мексикамен келісімнің кейбір жерлерін білмей көрсетіп қойды.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.

Егемен Қазақстан газеті: Президентті айқын жеңісімен құттықтады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар