Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары
Al Hayat: Сиси: Арабтар ұлттық қауіпсіздіктерін қатерге ұшыратуға дайын емес.
Alsharq Alawsat: Король Селман Иранның аймақтық қауіпсіздік қатеріне қарсы «халықаралық табандылыққа» шақырды.
Alquds Alarabi: Араб төтенше саммиті Иранның басқа елдердің ішкі істеріне араласуын айыптады.
Spiegel: Берлинде кешіктірілген сапар. Қиын қонақ: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео Меркель және Мааспен кездеседі.
Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германияның бәсеке күшінен айрылып қалуы үкіметті алаңдатуы керек: Халықаралық Басқаруды дамыту орталығы жариялаған Әлемдік Бәсеке күші есебінде Германия 17-ші орынға төмендеген.
Deutsche Welle: Германияда екі жасар қарындасын өртеніп жатқан көліктер шығарып, аман алып қалған он жасар Кенан Бүйүкханға медаль берілді. Марапатты Бавария премьер-министрі Содердің өзі берді.
El País (Испания): Испания Әлеуметтік зерттеу орталығының деректеріне қарағанда испандықтардың жартысына жақыны коалиция үкіметі құрылуын қалайды.
El Universal (Мексика): АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз босқындардың Мексика арқылы АҚШ-қа кіруіне кедергі болу үшін осы елге 5 пайыз кеден салығын салғандарын білдірді.
Telesur (Венесуэла): АҚШ федеральдық төрешісі президент Трамп үкіметінің Мексика шекарасындағы қабырға құрылысын жалғастыруына қарсы шықты.
Le Monde: Трамп Мексикамен қатынастарда жаңа келіспеушілік бастатты.
Le Parisien: Жарақат алған сары жейделілер: кейбір полиция қызметкерлері сотталады.
Courrier international: Израиль парламенті таратылды. Жаңа сайлау 17 қыркүйекте болады.
Ria Novosti ақпарат агенттігі: Ресей Жапонияға визаларды алып тастауды ұсынды.
İzvestiya газеті: Лавров Ресейдің ядролық сынақтарына байланысты АҚШ мәлімдемелерін «дәйексіз» деп бағалады.
Lenta.ru ақпарат парақшасы: Ресей Иранға Таяу Шығыста келіспеушілікті арттырады деген уайыммен S-400 сатуды тоқтатты.
ҚазИнформ агенттігі: Елбасы: Назарбаев университеті - тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы.
Егемен Қазақстан газеті: Заң үстемдігінің сақталуы туралы баяндады.