Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1192510
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat (сауд-ағылшын): Ливияның бас қаласы Триполи көшелерінде қақтығыстар болуда.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Біріккен Араб Әмірліктері Йеменнің оңтүстігін басқа аймақтардан бөліп алуға тырысуда.

Al-  Hayat (Ливан): Палестина мемлекет басшысы Аббас жоғалған салық қаржыларын Израильден қабылдап алудан бас тартты.

deutschlandfunk.de: Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Еуроодақ елдерінің (ЕО) алғашқы үкімет өкілі ретінде Бразилия президенті Болсонаро тарапынан қабылданады.

Deutsche Welle (DW): Неміс армиясы сындарға қарамастан Сауд офицерлерді жаттықтыруда.

Неміс хабар порталы «ard.de»: Келешектің автокөлігі – сутекті көліктер. «Bosch» жанармай жүйесіне сенімді.

Diario de Sevilla: Педро Санчез үкіметі жалғыз өзі басқаруға тырысады.

La Vanguardia: Ресейден қорыққаннан Шығыс пен Орталық Еуропада әскери шығындар артты.

El País: Испанияда Азаматтар партиясы (C's) Санчезге жауапкершілік берілмесін деп кезкелген келіссөзге есіктерін жапты.

Le Temps (Швейцария) : Украина қорғанысқа жұмсаған мөлшерінде шығынды Швейцарияда жұмсауда.

 Le Figaro (Франция) : ДАИШ басшысы 5 жылдан кейін бір видеомен ортаға шықты.

Le Monde (Франция) : Францияның 2019 жылдың алғашқы ширегінде экономикалық өсуінің бір қалыпты екені байқалады.

Орыс хабар порталы «Lenta.ru»: Путин ортақ азаматтық ереженің әрі Ресейге, әрі Украинаға пайда әкелетінін атап көрсетті.

Орыс хабар агенттігі РИА Новости: Зеленскийдің тобынан қорқытатын мәлімдемелер. Зеленскийдің қауіпсіздік және қорғаныс кеңесшісі Иван Пашын Киев әкімшілігінің «сюрприз бір соққы беруге» дайын екенін мәлімдеді.

Орыс хабар агенттігі «TASS»: Орыс авиация фирмасы «UTair» нарықтан шығу рискі бар екенін мәлімдеді. Фирманың 2018 жылғы шығындарының 22 миллиард рубль төңірегінде болғаны білдірілді.

Қазинформ хабар агенттігі: Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея - еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы.

Егемен Қазақстан газеті: Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді.



Ұқсас жаңалықтар