Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1191611
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat: Саудтық тақ мұрагері Салман Жапония Сыртқы істер министрімен ортақтық құру тақырыптарын талқылады.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): АҚШ президент Трамп Сауд Арабиясына: «Сіз байсыңдар, төлеңдер, біз де сізді қорғайық» деді.

Al-  Hayat (Ливан): Иран Ормуз бұғазын жауып, ядролық келісімнен шығатынын меңзеді.

ard.de:  Германия Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкаға баратын азаматтарына ескерту жасады.

zdf.de: Германиядағы шамамен 3,38 миллион қызметкер айынан екі мың евродан аз айлық алады.

deutschlandfunk.de: Жібек жолы: инфрақұрылым жобалары үшін 64 миллиард долларлық келісімге қол қойылды.

El País (Испания): Социалистік партия жалпы сайлауда жеңіп шықты, бірақ одақ құруы керек. Халықшыл партия тарихи жеңіліске ұшырады.

ABC (Испания): Мексикада күш қолдану президент Обрадордың шараларының жарамсыздығы себебімен рекорд жаңартуда.

 Jornada (Мексика): Құлаған автобуста 11 адам қаза тапты.

Le Monde : Әлемде қару-жараққа жұмсалған ақша 2 мың миллиард долларға жақындады.

Le Figaro: 13 бала уланғаннан кейін ірімшік сөреден алынып тасталды.

Le Parisien: Нотр-Дам шіркеуінің қайта салынуы: Мың шақты маман Макронды «асықпа» деп ескертті.

TASS ақпарат агенттігі: Ресей қаруға ең көп ақша жұмсаған алғашқы бестікке ене алмады.

Rambler порталы: Орыс Думасында еңбек күндерінің азайтылуына ұсыныс жасалды.

Ria Novosti агенттігі: Украина парламенті Ресейден Донбаста төлқұжат беру шешімін кері алуын сұрады.

ҚазИнформ агенттігі: Елордада Елбасы төрағалығымен ҚХА сессиясы өтеді.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы әлемдік диалогтың жаңа форматын ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар