Әлем  баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1135504
Әлем  баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat: Google террорлық ұйым ДАИШ-ке қосылуына кедергі болу үшін қыздарды қадағалайды.

 Al-Raya Al-Katariya (Катар): Катар 2018 жылдың «Жемқорлық түйсік индексінде» әлем көлемінде 33, араб елдері арасында 2-ші орында.

Al Hayat (Ливан): Біріккен Араб Әмірліктері өнімдеріне эмбарго жүргізді деген себеппен Катарды Бүкіләлемдік Сауда ұйымына шағымданды.

Le Parisien (Франция):Габриэль дауылы: Францияның 15 аймағында қар мен аяз

 Le Figaro (Франция): Францияның 2018 жылы экономикалық өсу жылдамдығы 1,5 пайызға төмендейді.

Liberation (Франция): Еуропа Кеңесі сары жейделілердің шерулерінің күштеп бастырылуына алаңдайды.

Transparency International: Әлем бойынша жемқорлық артып отыр.  Батыс Еуропа жемқорлық тақырыбында «ақ жейде» киген.  Бірақ Германияның жағдайы жіті қадағаланып отыр. Бір сауалнамаға қарағанда Германияда экономикада және ресми мекемелерде пара мен жемқорлықтың артқаны анықталды.

Bild газеті: Неміс нацисттер Чех Республикасы мен Болгарияда оқ атып жаттығудан өтті.  Асыра оңшыл немістер шетелде атыс жаттығуы үшін жиналды.  Мақсаттары: қару қолдануды жүйелі түрде үйрену.

ARD телеарнасы: Беделді жоба тұйыққа тірелді.  Германия мен Франция жоғары жылдамдықты пойыз өндіретін ортақ өндіруші жоспарлап отыр. Осы серіктестік сонымен бірге Қытайға да қарсы болуы керек.  Алайда Еуропа Одағы ішінде кейбір уайымдар бар.

Риа Новости ақпарат сайты: Бір орыс генерал Ресей мен Жапония соғысқа кірсе ортаға шығатын сценарийді баяндады: АҚШ дереу Куриль аралына өз базасы мен әскерлерін орналастырады.

 Lenta ақпарат сайты: Ресейдің Солтүстік Кореядағы өкілетті елшісі: Ресей ешқашан Солтүстік Кореяға ядролық станса құруды ұсынбады.

Известия газеті: Николас Мадуро: Венесуэла Ресей мен Қытайға деген барлық қаржылай жауапкершіліктерін орындайды.

Ultimas Noticias (Венесуэла): Венесуэла президенті Николас Мадуро елдегі тәртіпсіздіктің жауаптысының АҚШ президенті Трамп екенін айтты.

 El País (Испания): Испанияда шетелдік балаларды асырап алу едәуір артты.

 El Mundo (Испания): Испанияның 2019 жылдың ең дәулеттілерінің тізімі жарияланды. Сол Даурелла - Испанияның жаңа дәулетті әйелі.  

ҚазИнформ агентігі: ҚР президенті: Ел экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Егемен Қазақстан: Өңірдің даму көрсеткіштері баяндалды



Ұқсас жаңалықтар