Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1134965
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Біріккен Араб Әмірліктері Йеменде 30 мың террорист жаттықтырды.

Alsharq Alawsat (Сауд-ағылшын): Сауд Арабиясы ең үлкен Отандық өндіріс пен логистикалық қызмет жетілдіру бағдарламасын бастады.

Al Mustakbal (Ливан): Президент Режеп Тайып Ердоған: «Босқындардың оралуларын қамтамасыз ету үшін Сирияда қауіпсіз аймақ құруды нысанаға алып отырмыз».

DW (Deutsche Welle-Германияның дауысы): «Канцлер Меркельге Fullbright сыйлығы беріледі». Әлемде жақсы басшылық жасаған саясат қайраткерлері азайды. Халықаралық ‘Fulbright’ түсіністік сыйлығы одан жақсы тұрмыс үшін күрескен тұлғаларға табыс етіледі.

Deutsche Welle: Таяу Шығыс: «Израиль Әл-Халил қаласында бақылаушы қаламайды». Әл-Халилде еврейлерге бағытталған оқиғалардың артынан еврей саясат қайраткерлері премьер-министр Беньямин Нетаньяхудан қозғалуын талап етті. Нетаньяху қаладағы бақылаушылардың қызметін тоқтатты. Палестиналықтар болса ескерту жасады.

ARD телеарнасы: «Еуропа сауда платформасы құрылады. Еуропаның Иран эмбарголарына қарсы жоспары». Германия, Франция және Ұлыбритания қысқа мерзімде бір сауда платформасын құрайды және осылайша Иранға қарсы іске қосылған эмбаргоны жояды.

TASS (Ресей): Ердоған 2022 жылға дейін Анталияда 3-ші әуежайдың іске қосылатынын жариялады.

Риа Новости: Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Сирия арнайы өкілі Гэир Петерсонмен Анкарада өткізген кездесуінде осы елдегі саяси кезеңді қолға алғандарын және Анкараның талаптарын жеткізгенін атап көрсетті.

Russia Today (Ресей): Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Сирия мен Түркия шекарасындағы қауіпсіздік мәселесі АҚШ себепті пайда болды».

El País (Испания): Такси жүргізушілері Мадридті шерулердің орталығына айналдырды.

La Vanguardia (Испания): Венесуэла президенті Николас Мадуро бөлшектенген бір Венесуэлада жаңа бір ереуіл аптасымен бетпе-бет.

Rtve.es (Испания мемлекеттік арнасының интернет парақшасы): Такси жүргізушілері Мадридте шерулерінің 9-шы күні шерулерін жалғастыруға шешім қабылдады.

Le Figaro (Франция): «Қысқы депрессия». Париж қар мен салқын желді күтуде.

Le Monde: Мемлекет басқа елдерде өмір сүріп жатқан үлкен қожайындарды одан көп салық төлеуге мәжбүрлейді.

Sud-Ouest (Хабар сайты): «Автокөлік алпауыты «Ford Blanquefort»-тың зауытында жұмыспен қамтуды қорғау жоспары қабылданбады. Жұмысты қайта бастау үміті кейінге қалды.

Егемен Қазақстан газеті: «Қызыл кітап» та қамқорлыққа зәру.

ҚазИнформ агенттігі: Димаш Құдайберген Астанада концерт береді.



Ұқсас жаңалықтар