Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1132925
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Ahram (Мысыр): Мысыр Хүснү Мүбарак төңкерілген 25 қаңтар төңкерісінің сегізінші жылдығын тойлауда.

Alvatan (Кувейт): Венесуэладағы қарбалас Америка мұнайының бағасының 1 пайыз артуына себеп болды.

Al Hayat (Ливан): Мысыр биыл қарыздары үшін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейтке 8,5 миллиард доллар төлейді.

Spiegel-online (Германия):  Еуропа Одағындағы салық заңсыздығы одақ елдерін 825 миллиард евроға зиян тигізді.  Бір зерттеуге қарағанда, Еуропа Одағы елдеріндегі салық заңсыздығы өте көп. Социал-демократтар бес баптан тұратын бір жоспар арқылы осының алдын алуға тырысады.

ORF.at (Австрия): Ердоған: Сирияны басып алу секілді жоспарымыз жоқ.  Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған «780 мың шаршы километрлік Отан жері бізге жетеді» деді.

Zeit.de (Германия): АҚШ Венесуэладағы дипломаттарын ішінара әкетуде.  Венесуэладағы дағдарыс себебімен АҚШ үкіметі азаматтарынан осы елден кетуін сұрады.  Вашингтон айырықша елшілік қызметкерлерінің санын азайтуда.

Le Parisien (Франция): Венесуэла: Армияның қолдауын алған Мадуро АҚШ-қа қарсы шықты.

Le Monde (Франция): Франция армиясының Ирак пен Сириядан шегінуі көзделгеннен күрделі секілді көрінеді.

Le Figaro (Франция): Трамп басынан бері Венесуэлада билікті өзгертуді қалайтын еді.

Известия газеті: Украина Ресейдің газ транзиті келісіміне қол қоюға мәжбүр болатынына үміттенеді.

RİA Novosti ақпарат парақшасы: Қырым Еуропа Кеңесі парламенттік мәжілісінің Керчь бұғазына байланысты талаптарын кері қайтарды.

El Pais (Испания): Мамандар 2 жасар баланың құтқарылуы үшін екі капсула жібереді.

El Mundo (Испания): Испанияда үкіметтің Халықаралық істер бас хатшысы Хосе Мануель Албарес «Венесуэладағы дағдарыстың шешілуі үшін қажетті нәрсе – демократиялық және ашық сайлау» деді.

 La Vanguardia (Испания): Гуайдо өзін мемлекет басшысы деп жариялағаннан кейін Ресей Мадуроны,  АҚШ болса Гуайдоны қолдауын жалғастырды.

 Егемен Қазақстан газеті: Астанада Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты салынады

ҚазИнформ агенттігі: Елбасы Астанада дүниежүзілік сауда орталығын салу жобасын мақұлдады

 



Ұқсас жаңалықтар