Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1132217
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat (сауд-ағылшын): Судан Түркия, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) жасаған жәрдемдерді қабылдағандарын жариялады. Жәрдемдердің құрамы жанармай, бидай, астық т.б. тұрады.

Al-Raya Al-Katariya (Катар):КатарБАӘ-нің халықаралық 745 шешімді бұзғанын жариялады.

Al Mustakbal (Ливан): Сирия режимі өзіне қолдау берген Хизбуллах пен Иран күштері сияқты шетелдік жауынгерлердің Сирия армиясының формасын киюін ұсынды.

Welt газеті интернет парақшасы: Германияның бас қаласы Берлинде халықаралық қару контрабандаларына қарсы ауқымды операция бастады. Welt газетіне қарағанда тергеу жұмыстары 1,5 жылдан бері жалғасуда. Операциялардың Чех Республикасынан Германияның Берлин қаласына ауқымды түрде заңсыз қару әкелген халықаралық бір қылмыстық ұйымды нысанаға алғаны атап көрсетілді.

Spiegel-online:Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанжәне Ресей президенті Владимир Путин бас қосты. Екі ел де одан тығыз ынтымақтастық жасағысы келеді.

Süddeutsche Zeitung: Түркия супер лигасында Башакшехир 4 үлкен клубты артта қалдырды.

RIA NOVOSTİ (Орыс хабар агенттігі): Вашингтон Венесуэла Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидоны елдің уақытша президенті ретінде қабылдауының артынан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған венесуэлалық әріптесі Николас Мадуроға қолдауын жариялады.

TASS (Орыс хабар агенттігі): Ресей президенті Владимир Путин Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген ортақ баспасөз жиналысында Мәскеу мен Анкара Сирияның дағдарысты азайту аймағы Идлибте террористтермен күресті жалғастыратындарын және осы үшін ортақ шаралар қабылдайтындарын атап көрсетті.

REGNUM (Орыс хабар агенттігі): Түркия мен Үндістан Керчь бұғазында 20 теңізшінің қаза тапқанын растады.

Liberation (Франция):Француздар ақпарат көздеріне одан аз сене бастады.

Le Parisien (Франция): (Бұрынғы ішкі істер министрі) Michèle Alliot Marie : Эммануэль Макрон дағдарысқа қарсы қажетті шараларды қабылдамады.

Le Figaro (Франция): Франция президенттік аппараты: Венесуэла тақырыбында Франция Еуропалық ортақтарымен ақылдасады.

Telesur (Каракас) (Орталығы Венесуэладағы Латын Америка медиа органы): Венесуэла АҚШ-пен дипломатиялық және саяси ынтымақтастықты тоқтатты.

El Mundo (Испания): Венесуэладағы шерулерде (үкіметке қарсы) кем дегенде 14 адам қаза тапты, 218 адам тұтқындалды.

El País (Испания): Мадридті такси жүргізушілері жұмыс тастау акциясы бастады. Баражас әуежайына бару қиынға түсті. Барселонада даңғылдарды жабады.

Егемен Қазақстан газеті: Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы.

ҚазИнформ агенттігі: Жастарға қателесуге болмайды деген қағидадан құтылу қажет.

Айқын газеті: Дариға Назарбаева: Конвенцияға қол қою – Каспий маңы елдерінің ортақ жеңісі.



Ұқсас жаңалықтар