Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1131348
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat: Сауд Арабиясы Израильдің Палестина халқына деген саясатына қарсы екенін және Қауіпсіздік кеңесінің жаңа еврей қоныстарының құрылыстарының тоқтатылуы үшін араға кіруін сұрады.

Al-Ahram (Мысыр): Мысыр Еуропа банкімен бірге Африка құрлығында инвестиция салуға дайындалуда.

Al Hayat (Ливан): Сауд Арабиясы Оңтүстік Африкада 10 миллиард долларлық инвестиция салуға дайындалуда. Инвестициялар арасында мұнай өңдеу зауыдын салу жоспары да бар.

Bild газеті: АҚШ-тағы бюджет дағдарысы FBI-дың жұмыстарына де едәуір әсер етті.  Федералдық Барлау ұйымы аудармашылар мен ақпар берушілерге ақша төлей алмай отыр.

 Tagesschau: Ердоған мен Путин: Стратегиялық серіктен де асып түседі. Президент Ердоған мен Ресей президенті Путин бас қосып,  Сирия тақырыбын қолға алады.

Deutsche Wellle: Давосқа барған қатысушылардың 1500-ден астамы жеке ұшақтарымен барды. Климат өзгерісі талқыланатын саммитке қатысу үшін қоршаған ортаға ең көп зиян келтіретін қатынас көлігін таңдады.

Орыс ақпарат агенттігі TASS: Ресей мен Түркия Сыртқы істер министрлері Ердоғанның Ресей сапары қарсаңында кездесті.

Орыс ақпарат агенттігіRİA Novosti: Жапон үкіметі бас хатшысы Йошиде Суга РФ президенті Владимир Путин және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің Мәскеудегі кездесуінің жақсы өткенін білдірді.

İzvestiya газеті: Ауғанстанда ұшақ алып қашу: Сургут қаласы тұрғыны тек бір ғана ұялы телефонмен ұшақ алып қашты.

El País (Испания): «Рим» фильмі - 10 аталымда Оскарға кандидат. Испан тіліндегі бір фильм бірінші рет Оскарда Үздік фильм аталымына кандидат ретінде көрсетілді.

El Universal (Мексика): Жағармай жарылысында қаза тапқандар саны 98-ге жетті.

Ultimas Noticias (Венесуэла): Венесуэла үкіметі АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасты қайтадан қарап шығуға шешім берді.

Le Figaro : Францияда қар: елдің солтүстігінде, Париж және төңірегінде жол қатынасына шектеме келтірілді.

Libération : Қиратып құлататындарға қарсы заң: үкімет шеру тыйымына қарай жылжуда.

France 24 : Жыныстық қиянат қылмысымен Францияда ұсталған америкалық әнші Крис Броун босатылды.

ҚазИнформ агенттігі: ҚР Президенті: Қазақстанның ең орасан жетістігі - қазақстандықтардың жаңа буыны

Егемен Қазақстан газеті: Нәрестелердің шетінеуі екі есеге жуық азайды

 



Ұқсас жаңалықтар