Әлем баспасөзіне шолу

Баспасөз органдары маңызды хабарларға орын берген.

790877
Әлем баспасөзіне шолу

АҚШ-тың CNN халықаралық хабар арнасы «Түркияның бағыты әрі батысқа,  әрі шығысқа қарайды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда ТР премьер-министрі Бинали Йылдырым биыл 8-шісі ұйымдастырылған Юнус Эмре Институтының «Түрікше жазғы мектеп» бағдарламасының жабылу салтанатында сөз сөйледі. Түркияның не шығысты,  не батысты тастау деген ниетінің болмайтынын атап көрсеткен Йылдырым Түркияның осы жолын жалғастыратынын айтты. «Еліміздің сыртқы саясат параметрлерінен шегінбей,  тарихымыз және географиялық тұғымыздан айнымай,  мәдени құндылығымыздан күш алып жұмысымызды жалғастырамыз» деді.  Йылдырым «Біз үшін анау немесе мынау мекеменің мүддесі емес,  еліміздің және достық климатының маңызы зор. Саясаттарымыздың орталығы да ұлттық құндылықтар» деді.

Ұлыбританиядағы BBC «Германия Сыртқы істер министрінен мойындау» деген хабарға орын берген. Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль бір неміс газетіне берген сұхбатында Түркияға қарсы қатаң ұстаным салдарынан кейбір азаматтардың босына зиян көргенін қабылдады.  Неміс саясат қайраткерінің ескертулерін елемеген неміс туристтердің Түркияға деген ықыласы азаймады. Германияның беделді тур операторлары үкіметтің саяхат ескертуін жариялағанына қарамастан Түркияның немістер үшін әлі маңызды демалыс орны екенін білдірді.

Ресейдің ақпарат агенттігі Спутник: «Түрік асханасы батыс асханасынан пайдалы» деген хабар жариялаған. Ішкі аурулар маманы Проф. Жанан Каратай түрік асханасының батыс асханасына қарағанда денсаулыққа пайдалы екенін айтты.  Жанан Каратай тағамдарды пісіру әдістеріне байланысты мәлімдеме жасады. Түрік асханасында кастрюльде піскен тамақтың маңыздылығын атап көрсеткен Каратай: «Америкада,  Ұлыбританияда кастрюльде тамақ пісіруді білмейді. Кептірілген фасоль,  барбун,  зәйтүн майлы тағамдарды біле бермейді» деді. Каратай денсаулыққа пайдалы тамақтану үшін түрік пісіру әдістеріне кеңес берді.

АҚШ-тағы Turkish American хабар порталы «Netflix-тің тұңғыш түрік сериалының басты рольдегі актері анықталды» деген хабарға орын берген. 2017 жылдың мамыр айында қол қойылған Netflix-тің тұңғыш түрік теле сериалының егжей-тегжейі белгілі бола бастады. Көп күтілген сериалда басты рольді Чағатай Улусой сомдайды. Теле сериал Османлы және түрік аңыздарымен қоса тарихтан шабыт алған қаһармандық хикаясы болады. түрік сериалы 2018 жылы бүкіл әлемде бірдей уақытта жарияланады. Сериалда жас жігіт ерекше қабілеттері бар екенін байқайды. Стамбулды жоюға тырысқан күштерге қарсы қаланы және бүкіл адам баласын қорғау үшін осы қабілеттерін қолдануды үйренуі керек.