Әлем баспасөзіне шолу

Түркия жөнінде маңызды жаңалықтар жарияланған.

639356
Әлем баспасөзіне шолу

Reuters агенттігі «Ердоған: АҚШ басшылығындағы коалиция Сирияда террор ұйымдарына қолдау беруде» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің ДАИШ және PKK террор ұйымының Сириядағы жалғасы PYD/YPG-ге қолдау бергені жөнінде айғақтар бар екенін айтты.  «АҚШ бастаған коалиция күштері бізді ДАИШ-ке көмек бересіңдер деп айыптаған еді.  Террор ұйымдарына қарсы күресті аяғына дейін жүргізетіндерін айтқандардың барлығы қазір ортада жоқ. Керісінше террор ұйымдарына қолдау беріп отыр. Айғақтары бар» деді.

Біріккен Араб Әмірліктерінде Әл Арабия теле арнасы «Сирияның солтүстігінде демографиялық құрылым өзгеруі керек» деген хабар жариялаған.  Түркиядағы Әділет және даму партиясының Сыртқы байланыстарға жауапты төраға орынбасары Халил Өзджан Әл Арабия телеарнасына берген сұхбатында «Евфрат қалқаны» операциясына байланысты Сирияның солтүстігінде террор ұйымдарымен күрескендерін білдірді.  Қазір Әл-Бабқа қарай жылжығандарын атап көрсеткен Өзджан артынан Мүнбичке қарай жол тартатындарын айтты.  «Осы аймақтардағы террористтердің осы жерден кетуі үшін жұмыстанудамыз. Батыстың көмегімен аймақтағы демографиялық құрылымның өзгеруіне қарсымыз» деді ол. Түркияның күрдтермен бір проблемасы жоқтығын атап көрсеткен ол «Біздің мәселеміз Түркияның оңтүстік шығысындағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK» деді.

Австрияда «Die Presse» газеті Түркия мен Еуропа Одағы қатынастарына орын берген.  2016 жыл Еуроодақ үшін қиын өтті.  Ағылшындардың одақтан шығу жөніндегі шешімдері,  босқын көші,  қаржылай дағдарыс және одақ ішіндегі үкіметтердің эгоизмімен қоса Түркияның мүшелік тақырыбы да одақ елдері арасында жиі талқыланды.  Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін Анкараға қолдау берілмеуі және жеткілікті диалог болмауы одаққа қиын соқты. НАТО-ға мүше Түркияға Еуроодақтың мұқтаждығы бар.  Еуропаның мықты экономикалық серігі және Таяу Шығыс пен Орталық Азияға байланыстыратын стратегиялық серік ретінде мұқтаждығы бар.  Еуропа енді адал бола бастауы керек.  Бұл үшін Түркияға басқаша қарайтынын көрсетуі керек. Еуропа құндылықтары шындығында тек географиялық жағынан емес,  саяси және мәдени тұрғыдан да Түркияға дейін созылады» деп жазылған.

Германияда DPA агенттігі «Түркиямен диалогта қалуымыз керек» деген тақырып қолданған.  Германия Социал демократ партиясының фракция төрағасы Томас Опперман босқындарға байланысты Кері қайтару келісімінің түрік үкіметіне, босқындарға және Еуропаның пайдасына екенін атап көрсетті.  Опперман «Түріктер Еуропа Одағының сыртқы шекарасын кепілге алу тақырыбында көмектеседі. Еуроодақ та босқындарға көмегін аямау керек. Еуропадан Түркияға берілетін ақшаларға сириялық балалар мектеп және дәрігерге баруына болады. Еуроодақ пен Түркия арасындағы келіссөз үдерісі де жалғасуы керек» деді. Опперман түрік үкіметінің терроризмге қарсы өзін қорғауының да табиғи нәрсе екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар