25.03.2015 күнгі әлем баспасөзі

Түркияда болған оқиғаларға байланысты шетел баспасөзінде шыққан жаңалықтарға орын береміз.

280499
25.03.2015 күнгі әлем баспасөзі

Ұлыбританиядағы «Financial Times» газеті «Еуроодақ пен Ресей күресі: ТАНАП» деген тақырыпқа орын берген. Хабарға қарағанда, Еуроодақ тарапынан көптен бері күттірілген Каспий теңізі газының экспортына байланысты жоспар Түркияда Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасының құрылысымен алға басты. ТАНАП Еуроодақ қолдаған Оңтүстік газ құбыры үшін маңызды бір байланыс және Каспий теңізі энергия экспортын түрлендіру және Еуропаның Ресейге тәуелділігін азайту үшін жоспарланған құбыр желісінің толықтырушы бөлшегі.
Ресейдің «Риа Новости» газеті Анкара мен Киев арасындағы қатынасқа орын берген. Хабар Түркия президенті Ердоғанның Украинаға сапарына орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Петро Порошенкомен бірге екі ел арасында қазір 6 миллиард доллар болып тұрған сауда айналымының 2017 жылға дейін 10 миллиард долларға, 2023 жылға дейін 20 миллиард долларға арттырылуы бағытында келіскендерін білдірді.
Президент Ердоған айырықша Анкара мен Киев арасында еркін сауда келісіміне қол қойылатынын да атап айтты.
Украина президенті Петро Порошенко да Түркия президенті Ердоғанмен Украина компанияларының ТАНАП құбыр желісінің құрылысына қосылуы ықтималын талқылады. Порошенко Твидтер есебінен де «Түркия президенті Ердоғанмен Қырым татарларының құқығының қорғалуы үшін бірігіп қозғалуға шешім бердік» деп жазды.
Ұлыбританияда жарияланатын «Әл Күдс Әл Араби» газеті де Ердоғанның сөздеріне орын берген.
Президент Режеп Тайып Ердоған «Қорғаныс өнеркәсібімізді нығайтып, өзіміз өндірген қару және құралдармен армиямызды әлемнің және аймақтың ең тежеуші күшіне айналдырамыз» деді. Президент осы мәлімдемені Әскери академиялар қолбасшылығына барған кезінде жасады. Ердоған «Мұны барлық салада өзіміз жобалаған жабдықтармен тындырамыз. Қарулы күштерімізді және қорғаныс өнеркәсібімізді нығайтуымыз керек» деді.
Түрік армиясы НАТО-дағы ең ірі екінші армия ретінде саналады, ал 2014 жылғы әлемдік алғашқы ондық тізімінде сегізінші кезекте.
AP агенттігі «Айырымшылдықты доғару» деген тақырып қолданған. Еуропа Одағына жауапты министр Волкан Бозкыр еуропалық басшылардың мұсылман азаматтардың өздерін шеттетілген деп сезбеулері үшін қозғалулары керектігін айтты. Бозкыр Еуропада өмір сүретін көптеген мұсылманның өздерін «шетелдік» деп сезінетіндерін айтты. Түрік министрі мұның Исламшыл радикализм және террордың негізгі себебі екенін атап көрсетті.
Түрік министр немістің «Маршал» қорының Брюссельдегі бір форумында Еуропа елдері мен басқа елдерге де әсер еткен Исламшыл радикализм және террормен күрес үшін не істеу керектігі жөнінде сөз сөйледі.
Испанияда шығатын «Europa Press» газеті болса басқа бір тақырыпқа орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия президенті Ердоған АҚШ президенті Барак Обамаға өз елінде медициналық реформа жасауына кеңес берді. Ердоғанның сөзіне қарағанда Обамаға берілген кеңесті Стамбулдағы Сұлтанахмет мешіті сапары барысында АҚШ-тан келген туристер сұрады.
Президент айырықша көптеген еуропалық маманның медицина жүйесін тексеру үшін Түркияға келгендерін және түрік жүйесін өз елдерінде іске қосқысы келетінін атап көрсетті.

 


Этикеттер: