18.02.2015 күнгі әлем баспасөзі

Түркиядағы маңызды жаңалықтар әлем баспасөзінде.

221814
18.02.2015 күнгі әлем баспасөзі

Өткен апта әлем баспасөзінде орын алған Түркия жөніндегі хабарларға орын береміз.
Испанияда жарияланатын «La Vanguardia» газеті Түркия президенті Ердоған жайлы хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Мексикаға барған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Түрік сыртқы саясатындағы актуалды тақырыптар» атты конференцияның беташарында «жауапкершіліктерін орындамағаны үшін» халықаралық мекемелерді сынады. Бұл жағдайдың әлем сақтығы үшін «қауіпті» екенін білдірген Ердоған «Бұның беделін бейшара халық пен кедейлер төлейді. Енді Сирияға, Ливияға, Палестинаға, Мысырға қарап отыр, адамдық сезімдерге жара салатын оқиғалар мен трагедиялар болып жатыр» деді.


Президент БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты мүшелік жүйесінің жойылуын талап етті және «Әрбір ел дауыс бере алатын бір комитет қалыптастырылуы керек» деді.
Испанияның осы газеті «Мексика мен Түркияның қатынасы нығайып келеді» деген тақырыппен басқа бір хабар жариялаған.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның Мексикаға іссапары барысында Мексика мен Түркия үкіметтері кейбір ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды. Президент Ердоған Мексика Ұлттық сарайында мемлекет басшысы Энрике Ньето Пеньямен кездесуінен кейін «Болашақта қай жолдан жүруіміз керектігін бетпе-бет сөйлестік» деді.


Ердоған Түркияның мақсатының Колумбия, Чили, Мексика және Перудан қалыптасқан Тынық мұхиты одағы елдерімен сауда-экономикалық келісімдер жасау екенін айтты.
Ньето Пенья да «Әлемнің ең маңызды туризм елдерінің алтыншысы Түркияның туризм тәжірибесінен пайдалануға шешім бердік» деді.


Болгарияда шығатын Гросс газеті «Түркия ТАНАП-ты құруға табанды» деген жаңалық жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркияның Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз Әзірбайжан газын айдайтын Транс Анадолы Табиғи газ желісі жобасы ТАНАП-тың Түркияның басымдылығы жоғары жобасы екендігін атап көрсетті.
Оңтүстік газ дәлізі жобасының жүзеге асуы үшін қатысушы елдердің энергия министрлерінен тұратын Ақылдасу кеңесінің алғашқы жиналысы болып өткен Бакуде Түркия министрі Түркияның ТАНАП-тың құрылуында табанды екендерін айтты. Түркия осы жобаның іске қосылуы арқылы аймақтың газ тарату орталығына айналады.


Франциядағы AFP агенттігі «Халықаралық Энергия агенттігіне бір түрік тағайындалды» деген хабарға орын берген. Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ЕЭЫДҰ-ның энергия саласымен айналысатын ұйымы Халықаралық Энергия агенттігі басшылығына Фатих Бирол тағайындалды. Бас экономист Бирол міндет мерзімі қыркүйек айында аяқталатын Мария ван дер Ховеннен кейін халықаралық ұйымның басшылығына өтеді.
Халықаралық Энергия Ұйымының хабарламасына қарағанда, агенттіктің атқару комитеті агенттіктің жаңа басшысы ретінде Др. Фатих Биролдың тағайындалуын бекітті. Бирол осы міндетті төрт жыл атқарады.
Американың «Форбс» журналы да Биролды әлем энергия саласындағы ең ықпалды тұлға деп атады.


Этикеттер: