11.02.2015 күнгі әлем баспасөзі

Түркия жөнінде шетелдік баспасөзде орын алған жаңалықтарға орын береміз.

216333
11.02.2015 күнгі әлем баспасөзі

Әзірбайжанда жарияланатын «Экспресс» газеті «Анкарадан Сержге жауап» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Армения президенті Серж Саргсианның Түркия және түріктер жөніндегі сөздеріне жауап берді. Калын «Түркия тарихтың бір жақты көзқарас арқылы бұрмалануына қарсы тойтарыс береді» деді.


Калын Түркияның әрқашан Армениямен қатынастарының қалыпқа енуі үшін қадам басып отырғанын, алайда Арменияның жауапсыз отырғанын атап көрсетті. Ибрахим Калын «Армения әкімшілігі әрі 1915 жылғы оқиғалардың саясаттан тысқары түрде, әділетті тарих перспективасынан зерттелуіне, әрі Таулы Қарабахтың басқыншылығын доғарып, Түркия және Әзірбайжанмен қатынастарын қалыпқа енгізуге, осылайша аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына жылы қарамай отыр. Бұл ұстаным Армения мен армяндарға зиян келтіреді» деді.


Франция: AFP агенттігі «ГазПром газ құбыр желісінің жобасын анықтады» деген хабар жариялады. Ресейдің табиғи газ компаниясы ГазПром Түркия Энергия министрі Танер Йылдызбен бірге Түркияға жететін жаңа табиғи газ құбыр желісінің жобасының бір бөлімін айқындағандарын білдірді. Хабарға қарағанда, табиғи газ құбыр желісі Қаратеңізден өтіп, Лүлебургаздан Грекия шекарасына жететін болады.


Компания су астындағы «Turkish Stream»ді өздерінің орналастыратындарын және Түркиядағы құрлық жұмыстарын түрік компаниясы БОТАШ-пен бірге жүргізетіндерін хабарлады.
Қытайдың Синхуа агенттігі де «Түрік ағыны» жобасына орын берген. Орыс баспасөзінде жарияланған хабарға сүйеніп берілген жаңалыққа орай, Ресей Ұлттық энергия қауіпсіздігі қоры директоры Константин Симонов Түркия табиғи газ құбыр желісін 8-10 айлық мерзімнен кейін жүзеге асыруды жоспарлағандарын айтты.
Симонов «Біз «Түрік ағыны» жобасының жылдам салынатынына сенеміз, бұрын 1,5 жыл уақыт керек деп көздеген едік. Қазір 10 айда алғы жұмыстарын аяқтап, артынан теңіздің астынан желінің алғашқы құбырларын төсей бастаймыз деп ойлап отырмыз» деді.
Орыс ГазПром мен түрік БОТАШ компаниялары жаңа желінің маршрутын анықтады. Желі Оңтүстік ағымның 660 километрлік маршрутынан кейін 250 километрі Түркия арқылы Еуропа жағындағы жаңа дәлізге жетеді.


Грузияның «PirveliNews» органы болса «Еуропаның энергия картасы өзгереді» деген тақырып қолданған.
Хабарға қарағанда, Оңтүстік газ дәлізі жобасының Ақылдасу кеңесінің бірінші жиналысы 12 ақпан күні Бакуде өтеді. Аталмыш жиналысқа жобаның құрылтайшылары Грузия, Түркия, Болгария, Грекия, Албания және Италиядан өкілдер шақырды.


Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Оңтүстік газ дәлізі жобасы аясында Хорватия және Черногориямен хаттамаға қол қойылғанын білдірді және «Оңтүстік газ дәлізі жобасы Еуропаның энергия картасын өзгертеді» деді.


Германияның «Deutschlandradio» газеті Германия Ішкі істер министрімен сұхбатқа орын берген.


Германия Ішкі істер министрі Томас де Мезьер Кельн және Берлинде шығатын газетке берген сұхбатында «Біз Түркиямен көптеген жылдан бері ынтымақтасып келеміз. Түркия НАТО-ға мүше және Түркияда қазір неміс жасақтары бар. Сондықтан полиция және барлау қызметтері арасында тығыз ынтымақтастық бар» деді.
Мезьер сұхбатта «Сонымен қатар Түркия да еліне қауіп төндіретін қандай тұлғалар кіргенін білгісі келеді. Осылардың барлығын бір тетікте жинақтау үшін келіссөздер жүріп жатыр. Әкімшілік тұрғысынан тәжірибе алмасу үшін ақылдасудамыз» деді.

 


Этикеттер: