16.07.2014 күнгі әлем баспасөзі

Газеттер Түркияның халықаралық аренадағы ынтымақтастықтарына орын берген.

131097
16.07.2014 күнгі әлем баспасөзі

Қытай ақпарат агенттігі Шинхуа президент Абдуллах Гүлдің Қытай елшісін қабылдағанын жазды. Қытайдың Түркияға тағайындалған жаңа елшісі ЮХонгянг сенімхатын тапсырған кезде түрік президент Қытаймен бірге екі елдің стратегиялық ынтымақтастықтың арттырылуы бағытында жұмыс істеуге дайын екенін атап көрсетті.


Испания газеті La Vanguardia Түркиядағы президенттік сайлауға орын берген. Газет тамыз айындағы сайлаудан Ердоған жеңіп шығатын болса, бірінші боп жаңа Атазаң үшін жұмыстанатынына орын берді. Газет Ердоғанның «Жаңа Атазаң бағдарламамызда басымдылығымыз болады. Себебі жаңа Атазаң жаңа болашақ» деген сөздерін жазды.


Өзбекстанның Ұлттық хабар агенттігі УЗА сыртқы істер министрі Давутоғлуның сапарына орын берді. Түркия сыртқы істер министрі Давутоғлу Өзбекстан сапары барысында президент Ислам Каримовпен кездесті. Басшылар екі елдің сауда қатынастарымен қоса мәдени және әлеуметтік саладағы қатынастарының арттырылуына көңіл бөлетіндерін, өзара туристердің келіп-кетуін қолдайтындарын білдірді.


Аустрия газеті Salzburger Nachrichten Еуропа әуе жолдары одағының төрағасы, әрі Түрік әуе жолдарының басшысы Темел Котилдің сөздеріне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда, ұзын мерзімде Азия мен Еуропадағы әуе қатынасы жанданады. Стамбулда 2018 жылы аяқталатын әлемнің ең ірі әуежайының салынып жатқанын білдірген газет Котилдің сөздерін былай жариялаған: «Біз әрі Еуропаға, әрі Азияға қосыламыз. Түркия екі аймаққа да қарасты. Таяу Шығыс және Азиядағы әуе жолдары компанияларымен бірге біздің де нарығымыз арта түседі. Сонымен бірге жолаушы саны да артып отыр».


Жапонияның Yomiuri Shimbun газеті Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчи мен Жапония экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Мотегимен Стамбулда бас қосқанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда екі министр «Экономикалық серіктестік келісімі»не байланысты келіссөздің алғашқы жиналысының биылғы жылдың аяғына дейін өткізілуі тақырыбында келісті. Хабарға қарағанда, Түркия тауық еті, шие, лимон сынды егіншілік өнімдерінің Жапонияға экспортын арттыруды көздейді.


Этикеттер: