Қазақстан мен Қырғызстан арасында әскери ынтымақтастық

Қырғызстан мен Қазақстан әскери барлау саласында ынтымақтастықты қамтитын келісімге қол қойылды.

1019211
Қазақстан мен Қырғызстан арасында әскери ынтымақтастық
bişkek askeri anlaşma.jpg
Raimbek Duşenbiev_Saken Jasuzakov.jpg

Қырғызстан Бас штаб басқармасы баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Бас штаб басқармасы төрағасы Раимбек Душенбиевтің елге ресми сапармен келген Қазақстан Қорғаныс министрі Сәкен Жасузаковпен бас қосқаны атап көрсетілді.

Орталық Азия аймағындағы жағдай қолға алынған жиналыста тараптар ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің қарулы күштерін қалыптастыруда тәжірибе алу тұрғысынан көзқарас алмасылды.

Әскери делегациялар да қатысқан жиналыста әскери және арнайы жасақтарды жаттықтыру, операция жоспарлау және ортақтыққа қоса әскери ынтымақтастықты әртүрлі салаларда арттыру туралы шешім қабылданды.

Кездесудің артынан Қырғызстан мен Қазақстан арасында әскери барлау саласында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Мәлімдемеде Жасузаковтың Қырғызстанға ресми сапармен келген алғашқы Қазақстан Қорғаныс министрі екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар