«Жібек жолы Қырғызстан» Табыс сыйлықтары иелеріне тапсырылды

ТРТ Әуез телеарнасы да сыйлыққа лайықты деп табылды.

981416
«Жібек жолы Қырғызстан» Табыс сыйлықтары иелеріне тапсырылды

"Жібек жолы" Стратегиялық зерттеулер орталығы,  Халықаралық түрік мәдениетінің Түріксой ұйымы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан Бішкекте ұйымдастырылған марапат кешіне Түркияның Қырғызстандағы өкілетті және төтенше елшісі Дженгиз Камил Фырат, Түрікменстанның Қырғызстандағы өкілетті және төтенше елшісі Шадурды Мередов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Қырғызстандағы өкілі Атынч Кескин,  қырғыз депутат Алиярбек Абжалиев, Түрік елшілігі білім беру кеңесшісі Реджеп Сула,  Мәдениет және таныстыру кеңесшісі нури Шимшеклер мен Шыңғыс Айтматов Халықаралық фонд төрағасы Елдар Айтматов қатысты.

"Жібек жолы" журналының иесі және "Жібек жолы" стратегиялық зерттеу қоғамының төрағасы Сейфуллах Түрксой кеште сөйлеген сөзінде: «Шыңғыс Айтматов- түрік әлемінің ұлы құндылығы.  Мақташымыз. Ол әрқашан Түркия мен Қырғызстан бауырластығы мен достығына көңіл бөлді.  Біз оның өсиетін орындап отырмыз деп сенеміз» деді.

Түрлі аталымдарда сыйлықтар берілген марапат кешінде «Достық және ынтымақтастық» сыйлығына ТРТ Әуез телеарнасының координаторы Седат Сагыркая лайықты деп табылды.

Түріксой 2018 жылды Айтматов жылы деп жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар