Қырғызстанда Бешикташ футбол мектебінің турнирі болды

Турнир Бешикташ футбол клубының 115 жылдығына арналды.

940288
Қырғызстанда Бешикташ футбол мектебінің турнирі болды

Бас қала Бішкектегі Қырғызстан Дене шынықтыру Мемлекеттік институтында болған турнир Бешикташ футбол клубының 115 жылдығына арналды.

Турнирге Қырғызстаннан Бішкек және Джелалабад командалары мен Қазақстаннан Алматы және Шымкент командалары қатысты.

Бішкек Бешикташтықтар қоғамы ұйымдастырған турнирде Бішкек Бешикташ командасы чемпион атанды.

Қырғызстандағы Түркия Манас Университетінің Дене шынықтыру және спорт училищесінің директоры Проф. Канат Джанузаков жас бешикташтықтар арасында ойналған матчтардың тек Қырғызстан үшін емес,  бүкіл түрік әлемі үшін маңызды екенін айтты.

Қазақстанның Шымкент қаласындағы Бешикташ академиясында бас жаттықтырушы болып қызмет атқаратын Метин Айдын болса «Шымкентте Бешикташ академиясы 6 ай бұрын құрылды.  Бастапқыда 15 баламен бастадық. Бүгін 60 оқушымыз бар» деді.

Қырғызстан Бешикташтықтар қоғамы төрағасы Мурат Ишенер футбол турнирін жыл сайын ұйымдастыруды жоспарлағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар