Путин мен Жиенбеков кездесті

Путин Мәскеуде Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жиенбековпен бас қосты.

858093
Путин мен Жиенбеков кездесті

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның Еуразиялық Экономикалық одағына қосылғаннан  кейін Ресеймен сауда айналымының жылдам артқанын айтты. «Қырғызстанмен тек экономикалық емес, қауіпсіздік тақырыптарында да ынтымақтастықты арттыруды жоспарлаудамыз» деді ол.

Путин Мәскеуде Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жиенбековпен бас қосты.

Қырғызстанда өткен ай болған президенттік сайлаудан жеңіспен шыққан Жиенбековты құттықтаған Путин: «Айырықша президент ретінде шетелге бірінші сапарыңызды Ресейге жоспарлағаныңызға қуаныштымын» деді.

Еуразиялық Экономикалық одаққа қосылғалы бері Қырғызстанның Ресеймен сауда көлемінің 30 пайыз артқанын білдірген орыс басшы: «Әсіресе Қырғызстаннан азық-түлік экспорты екі есе артты.  Бұлар жақсы қадамдар.  Қырғызстанмен тек экономикалық емес,  қауіпсіздік тақырыптарында да ынтымақтастықты арттырамыз» деді.

Жиенбеков та шетелге бірінші сапарын Ресейге ұйымдастырғаны жөнінде «Осы арқылы Ресеймен қарым-қатынастарымызды дамытуға бағытталған табандылығымызды көрсеттік» деді.



Ұқсас жаңалықтар