Бішкекте жаңа мешіт

Бұл мешіт елдегі күмбезі ең ауқымды мешіт атағын алды.

403203
Бішкекте жаңа мешіт

Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте Абдулкерим Сатук Буғра Хан мешіті ашылды.


Бұл мешіт елдегі күмбезі ең ауқымды мешіт атағын алды.


1995 жылы құрылған Қырғызстан-Түркия Манас Университетінің қалашығындағы мешіттің құрылысы аяқталып, қызметке берілді.


Мешіттің құрылысына жауапты университеттің Теология факультеті деканы және Бішкектегі Еуразия ғылым және мәдениет қоры төрағасы Суат Джебеджи мешіттің құрылысының ақталып, төңірегінің де реттеліп ғибадатқа ашылғанын білдірді.


«Түркияда мешіттерге көбіне падишалардың есімі беріледі. Біз де осы территорияның байырғы мемлекет қайраткерлерінің бірі Сатук Буғра Ханның есімін беруді шештік» деді ол.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар