БҰҰ бас хатшысы Қырғызстанда

Пан Ги Мун қырғыз әкімшілігіне алғыс айтты.

301440
БҰҰ бас хатшысы Қырғызстанда

Орталық Азия сапарын жалғастырған БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сапарының екінші аялдамасы Қырғызстанда. БҰҰ бас хатшысы елорда Бішкекте президент Алмазбек Атамбаевпен бас қосты.


Пан Ги Мун қырғыз әкімшілігіне елдегі сайлау үдерістерінің ашықтығы, парламентер жүйені жетілдіру және демократиялануға деген құлшынысына орай алғыс білдірді.


Пан Ги Мун мәжіліс ұйымдастырған «Парламентер демократияны жетілдіру; алынған сабақтар мен парламентер демократияның болашағы» атты халықаралық конференцияға қатысты.


Осындағы баяндамасында 2010 жылдан бері Қырғызстанда парламентер демократияның дамып келе жатқандығын білдірген Пан депутаттардың бұдан былай халықаралық келісім-шарт аясында жұмыс істеуін сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар