Түркияның жандармерия қолбасшысы Қырғызстанда

Ұлттық гвардия қолбасшысы Мелс Сатыбалдиев брифинг берді.

283034
Түркияның жандармерия қолбасшысы Қырғызстанда

Жандармерия бас қолбасшысы, армия генералы Ибрагим Яшар Қырғызстанда алдымен Ұлттық сақшылар жасағына барды.


Генерал Яшарға осында Ұлттық гвардия қолбасшысы Мелс Сатыбалдиев брифинг берді.


Брифингтен кейін өткен делегация аралық кездесуден кейін армия генералы Яшар мен Сатыбалдиев игі ниет хаттамасына қол қойды.


Генерал Ибрагим Яшар басшылығындағы Жандармерия бас қолбасшылығы делегациясы артынан Ұлттық гвардия құрамындағы «Пантера» арнайы жасағын аралады.


Түрік делегациясы артынан 1938 жылы қырылған 137 зиялыға арнап орнатылған ескерткіш комплексі «Ата-бейітке» барды.


Яшар осында айырықша 2008 жылы қайтыс болған әлемге танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне барды.


Жандармерия Бас қолбасшылығы делегациясы жұма және сенбі күндері елдің оңтүстігінде өтетін әскери оқу-жаттығуына қатысады, бірқатар кездесулер жүргізеді.


Армия генералы Яшар айырықша Қырғызстан Бас штаб төрағасы Генерал Асанбек Алымқожоевпен де бас қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар