Түркияда "Қырғызстан туризмі жылы"

2015 жыл Түркияда Қырғызстан туризм жылы деп жарияланды.

228838
Түркияда "Қырғызстан туризмі жылы"

2015 жыл Түркияда Қырғызстан туризм жылы деп жарияланды.
«Бұған 2013 жылы қол қойылған үкімет аралық келісім септігін тигізді» деп хабарлады Қырғызстан Республикасы Мәдениет, информация және туризм министрінің орынбасары Мақсат Чакиев.
Оның айтуынша 11-14 ақпан күндері аралығында Түркияның Стамбул қаласында «Қырғыз айылы» мәдениет фестивалін ұйымдастыру шаралары қаралған кездесулер өтті. Жаңа жобаға орай, Түркияның ең ірі қаласы Стамбулдың орталығына 15-25 қырғыз үйі тігіліп, ұлттық әндер концерті беріліп, дәстүрлі спорттық ойындар көрсетіледі. «Дасторкон» көрмесі ашылып, қырғыз ұлттық қол өнері бұйымдары таныстырылады.
Стамбулдағы кездесулерде сондай-ақ Түркі әлемі муниципалитеттер одағы аясында ынтымақтастықтар мен ортақ жобалар қарастырылды.
Дереккөз: TurkMedia


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар