ҰҚШҰ бітімгерлік күші Қазақстаннан шығарыла бастады

Қазақстанға көмекке шақырылған ҰҚШҰ бітімгерлік күші елден кете бастады.

1762076
ҰҚШҰ бітімгерлік күші Қазақстаннан шығарыла бастады

Қазақстандағы наразылық шерулерінің артынан елге шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бітімгерлік күші әскерлері елден шығып, аймақты Қазақстан күштеріне тапсыра бастады.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы мен министрліктің жоспары аясында бітімгерлік күштерінің қорғауындағы әлеуметтік нысандарды жергілікті қауіпсіздік қызметкерлеріне өткізу процесі жүріп жатқаны айтылған.

Бітімгерлік күші әскерлерінің елден шығу процесінің 10 күннің ішінде аяқталуы жоспарлануда.

2 қаңтар күні Қазақстанның Жаңаөзен және Ақтау қалаларында сұйытылған мұнай газының қымбаттауымен халық көшеге шыққан, наразылықтар 2 күннен кейін Алматы мен елдің басқа қалаларына тараған болатын.

Үкіметтің отставкаға кетуі және көтерілген мұнай бағаларының бұрынғы қалпына келтірілуіне қарамастан шерушілер кері қадам жасамай, шерулер зорлық-зомбылыққа ұласты.

Демонстранттар мемлекеттік мекемелерді нысанаға алған елде төтенше жағдай жарияланған, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан мүше болып табылатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымын (ҰҚШҰ) зорлық-зомбылықты басу үшін көмекке шақырған болатын.

Ұйым елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін елге 2 мыңнан астам бітімгерлік күші әскерін жіберді. Оқиғаларда 164 адамның қаза тауып, жүздеген қауіпсіздік қызметкерінің жарақат алғаны хабарланды.

Наразылықтарға байланысты басталған операция аясында жалпы ұсталғандар саны 12 мыңға жетсе, наразылықтарға қатысты 300-ден астам қылмыстық тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар