БҰҰ Қазақстандағы қауіпсіздік күшіне наразылық көрсетті

БҰҰ Қазақстандағы қауіпсіздік күштерінің БҰҰ эмблемасы бар көк қақпақ киюіне наразылық көрсетті.

1760706
БҰҰ Қазақстандағы қауіпсіздік күшіне наразылық көрсетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанда ереуілдерді тоқтатуға барған қауіпсіздік күштерінің БҰҰ бейбітшілік күші әскерлері қолданған БҰҰ эмблемасы бар көк қақпақ киюіне наразылық көрсетті.

БҰҰ Бас хатшысы Стефан Дюжаррик күндік баспасөз жиналысында:

"БҰҰ бейбітшілік күші міндетіне есе қосқандар ББҰ-на тиесілі дәреже немесе белгілерді тек қана БҰҰ бейбітшілік күші міндетін атқарған кезде қолданады. Бұл жайлы алаңымызды Қазақстанда міндет өтегендерде тікелей жеткіздік және мәселенің шешілгені жөнінде кепілдік алдық" деді.

Қазақстандағы ереуілдерді тоқтатуға барған қауіпсіздік күштерінің БҰҰ бейбітшілік күші әскерлері қолданған БҰҰ эмблемасы бар көк қақпақ киген көріністері әлеуметтік желіде жарияланды.

Қазақстанда 2 қаңтарда басталған протесттер көше оқиғаларына және қақтығыстарға айналғаннан кейін 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Назарбаев басқарып келген Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алатынын жариялады. 

Протест ереуілдері асқынғандықтан елде төтенше жағдай жарияланды.

Ереуілшілердің мемлекеттеік ғимараттарды басып алуы және қару қолдануы себепті Нұр-Сұлтан әкімшілігі қауіпсіздік күштеріне операция жасау бұйрығын берді.

Оқиғаларда қазірге дейін 8 мыңдай адам ұсталды. 



Ұқсас жаңалықтар