Қазақстанда тулар төмен түсірілді

ҚР ІІМ мәлімдемесінде полиция ұстаған адам санының 7 мың 939-ға жеткені атап көрсетілді.

1759909
Қазақстанда тулар төмен түсірілді
kazakistan gozalti.jpg
kazakistan1.jpg
kazakistan.jpg
Kazakistan 10 Ocak.PNG

Қазақстанда сұйытылған мұнай газының қымбаттауынан артынан басталған наразылық шеруінде қаза тапқандар үшін 10 қаңтар күні жалпыұлттық аза тұту жарияланып, елде жалаулар төмен түсірілді.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Ақордада Президент резиденциясынан бастап, мемлекеттік мекемелердің барылығы мен елдің шетелдік өкілеттіктерінде тулар төмен түсірілді.

Елдегі телеарналар мен радиохабарлардағы ойын-сауық бағдарламалары алынып тасталды. Мемлекеттік мекемелер мен ақпарат агенттіктерінің сайттарының негізгі беттері де ақ-қара болып дайындалды.

Ұлттық аза тұту күніне орай Нұр-Сұлтандағы Түркия елшілігі қазақ халқымен ынтымақтаса отырып, елшіліктің туын жартылай түсіріп, әлеуметтік желіде «Біз бауырлас Қазақстанмен біргеміз» деп хабарлама жариялады.

Түрік Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) бас ғимараты алдындағы мүше және бақылаушы елдердің байрақтары жартылай төмен түсірілді.

Бауырлас Қазақстан халқы және әкімшілігімен әрқашан ынтымақтаса келе жатқан ТМҰ оқиғада қаза тапқандар туралы «Алланың рақымын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін және елдің жылдам қалпына келуін тілейміз» деп мәлімдеме жасады.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оқиғадан 26 адамның опат болғанын, оның ішінде 18 адамның қауіпсіздік күштері қызметкері екенін хабарлады.

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасалған лаңкестік актілердің салдарынан қаза тапқан адамдардың қазасына байланысты 2022 жылдың 10 қаңтар күні бүкіл елде жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы шешім қабылдаған еді.

Екінші жағынан Қазақстандағы оқиғада ұсталғандар саны 7 мың 939-ға жетті. 

Алматыдағы оқиғаға қатысты деген айыппен ұсталған қырғызстандық танымал музыкант Викрам Рузахунов босатылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған суреттерде Рузахуновтың "ақша алып, Қазақстанға шерулерге қатысуға барғаны" және Алматыда ұсталғаны айтылған.

Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Азизбек Мадмаров Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаевты министрлікке шақырып, музыкант Рузахуновтың жылдам босатылуы туралы нота берді.

ҚР Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде елде жалғасып жатқан операциялар барысында ұсталғандар туралы мәліметтер жаңартты. 10 қаңтар күні полиция ұстағандар санының 7 мың 939-ға жеткені мәлімдеді. 

Алматыдағы екі базарда 207 адамның тергеуге алынғаны білдірілген мәлімдемеде аталмыш операцияда 5 көлік және компьютер, музыкалық аспаптар сияқты ұрланған материалдарға қоса, қауіпсіздік күштерінің қару-жарақ тәркілегеніне назар аударылды. 

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті болса Алматыдағы оқиғаға қатысы бар 2 топтың залалсыздандырылғанын хабарлады. Аталмыш топтардың 4-8 қаңтар күндері арасында қаладағы қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған әрекеттерге қатысқандардың тұрған жерінде жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында қару-жарақтар мен діни кітаптар табылғаны білдірілді. 

Қазақстанның батысында 2 қаңтар күні сұйытылған мұнай газының қымбаттауы мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты наразылық шерулері елдің басқа аймақтарына да тараған болатын. 

Шерулер кезінде қауіпсіздік күштері мен шерушілер арасында қақтығыс болды. Әсіресе елдің оңтүстігіндегі Алматы қаласында полиция көліктерін өртеп, үкімет ғимараттарына басып кірген шерушілерді тарқату мақсатты қауіпсіздік күштері дыбыс бомбасы қолданды. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. 

Наразылық шерулері көптеген қалаларға тараған соң елде төтенше жағдай жарияланды. Шерушілердің қоғамдық ғимараттарды басып алуы және қару қолдануы себепті Нұр-Сұлтан әкімшілігі қауіпсіздік күштеріне операция жасауға бұйрық берді. 

Тоқаев 7 қаңтар күні елдің барлық аймақтарында конституциялық тәртіптің қалпына келтірілгенін атап «Террористтер әлі де қару қолданып, азаматтардың мүлкіне зиянын келтіруде» деген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар