Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі.
10 қаңтар - Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні.
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.
Қақтығыстар кезінде қайтыс болған азаматтардың туған-туысқандары мен отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтқан болатын.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаскөйлікке барған адамдардың бәрі қатаң жазаланатыны айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжандық отбасылар Ходжалыға оралуда
Армян басқыншылығынан азат етілген Ходжалыға 20 отбасы қайта оралды.