Жастар жылы бастау алды

Қазақстанның елордасы Астана қаласында 2019 Жастар жылы ресми түрде ашылды.

1132003
Жастар жылы бастау алды

Қазақстанның елордасы Астана қаласында 2019 Жастар жылы ресми түрде ашылды.  Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел жастарымен бас қосты.

Елдің болашағының білімді және отансүйгіш жастардың қолында екенін атап көрсеткен елбасы «Тәуелсіз Қазақстанның ең орасан жетістігі - қазақстандықтардың жаңа буыны» деді.

Астанада өткен жиынға Қазақстанда түрлі салада табысқа жеткен жастары да өз пікірлерін айтты.  Жастардың сөздерін мұқият тыңдаған елбасы үкіметтен жастар үшін сапалы білім,  жеткілікті жұмыспен қамтамасыз ету,  қолайлы бағаға тұрғын үй және отбасу құру үшін мүмкіндіктен берілуін үшін жол картасын дайындауды сұрады.

Елбасы сонымен бірге жұмыс күші нарығына жыл сайы қосылған жастардың артып отырғанын тілге тиек етіп,  тұрғын саны 1 миллионнан асқан үш ірі қала- Астана,  Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына кем дегенде мың дана тұрғын үй салынатынын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев айырықша Қазақстан экономикасының стратегиялық салалары болып есептелетін егіншілік пен өнеркәсіпте жаңа буын жұмысшылар қажеттігін айтып,  осы мақсатпен ауыл жастарына мүмкіндік беру керектігін баса айтты.

Елбасы Назарбаевтың шамамен екі сағаттық жастармен кездесуінде айтқанындай, тәуелсіздік алғалы бері 2 миллион 800 мың жас жоғары білім алды. Елбасы «Болашақ» бағдарламасын дұрыс шешім деп бағалап,жастардың шетелде оқуына мүмкіндік берілгенін айтты. 1993 жылы қалыптастырылған осы бағдарлама аясында бүгінге дейін 12 мың қазақстандық шетелде білімін жетілдіріп, елге оралды.



Ұқсас жаңалықтар