Қазақстан президенті Жээнбековпен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесу өткізді.

859586
Қазақстан президенті Жээнбековпен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Назарбаев: «Біріншіден Сооронбай Шәріпұлын сайлауда жеткен табыстарымен шын жүректен құттықтадым. Алыс жерде болса да, осылай кездесіп қалдық. Екіншіден екі елдің арасындағы туысқандық-бауырластық қатынастың барлығын орнына келтіреміз деп келістік. Ол - екі халықтың мүддесі» - деді.

Қырғызстан Президенті болса өз кезегінде бауырлас қазақ еліне жақсылықтар тілейтіндігін баса айтты.

«Орын алған проблемалар бойынша сөйлесіп, шешімге келдік. Жол картасы бар, екі  елдің Үкіметтері әзір оны жасайды. Содан кейін көп мәселе шешіледі» - деді Сооронбай Жээнбэков.



Ұқсас жаңалықтар