Түркияның Экономика министрі Қазақстанда болды

Зейбекчи Түрік кеңесі экономикаға жауапты министрлер жиналысына қатысты.

348040
Түркияның Экономика министрі Қазақстанда болды

Бұл туралы Экономика министрлігі хабарлады.

Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстаннан тұратын Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Экономикаға жауапты министрлер жиналысы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың басшылығында өтті.

Астанадағы жиналысқа Түркия Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Әзірбайжан Республикасы Экономика және өнеркәсіп министрінің орынбасары Сахиб Мамадов, Қырғыз республикасы Экономика министрінің орынбасары Данияр Иманалиев қатысты.

Экономикаға жауапты министрлер жиналысының басты мақсаты түркі әлемінде экономикалық және техникалық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне өріс беру,  экспортқа шоғырланған экономиканың түрлендірілуі, ортақ инвестициялардың арттырылуы және екі жақты сауда-экономикалық қатынастардағы кедергілердің тез арада шешілуі болып табылады.

Министрлер жиналысы қарсаңында «Инвестиция атмосферасының жақсартылуы», «Экономиканың түрлендірілуіне бағытталған шаралар» және «Экономикалық қатынастардың негізі ретінде кәсіпкерлік» атты жұмыс топтары бас қосты. Уақытша жиналған «Түрік инвестиция фонды құрылуына байланысты жұмыс тобында» да төрт ел арасында жаңа жол картасы анықталды.

Жиналыс аясында Түрік кеңесіне мүше мемлекеттер арасында инвестицияларға байланысты ынтымақтастық статистикаларын бөлісу жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Сонымен бірге мүше елдердің шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындарының жетілдіруі саласындағы ынтымақтастық жөнінде хаттамаға қол қойылды.

 

Қазақстан сапары аясында түрік министр Зейбекчи ҚР Ұлттық экономика министрі Досаев, Әзірбайжан Экономика және өнеркәсіп министрінің орынбасары Мамадов және Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары Иманалиевпен кездесу өткізді. 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар