Түркі музыкасы Астанада шарықтады

Қазақстанда «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасының фестивалі болып өтті.

378367
Түркі музыкасы Астанада шарықтады

Өткен апта Қазақстанның бас қаласы Астанада «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасының фестивалі болып өтті. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған фестиваль Астана қаласының символына айналды десек те болады.


Қазақ және түркі дәстүрлі музыкасын жандандыру мақсатында өткізілген фестивальге биыл 16 түркі елінен өкілдер қатысты. Осыған қосымша қазақ музыка жұлдыздары да сахнаны бос тастаған жоқ. Атап айтар болсақ, түрлі бағыттағы домбыра мектептерінің өкілдері өз өнерлерін көрсетуге келді. Олардың арасында «Қазанғап» мектебінің өкілі, Ақтөбеден келген 85 жасар Жұмабай Жансүгіров ақсақал фестивальге таңбасын басты.


«Астана-Арқау» фестивалінің ұйымдастырушылары жыл сайынғы шараларға түркі әлемінің саны азайған кіші өкілдерін шақыруды еш ұмытпады. Осы аяда биыл Таймыр түбегінде сандары 7 мың шамасында ғана қалған Долған түркілерінің өкілі Евгения Роганина да өз халқының өнерімен орын алды.


Ноғай әнші Айна Черкесова қазақстандық өнер сүйер қауымды әндерімен қайран қылса, Түркиядан келген проф. Джихан Юртчу кавал деп аталатын музыкалық аспаптың қазақтарға көп танымал емес даусымен таныстырды.


«Расимлер» тобы балабан және зурна аспаптарының сүйемелдеуінде өнер көрсетіп, көрермен қауымды сиқырлап алды.


Ал Қарақалпақстаннан келген бақсы болса мистикалық қойылымымен баурады.

 

Хакас елінен фестиваль үшін арнайы келген Геогрий Таскараков ятаған атты аспабымен ұлы Хакас даласының табиғи дауыстарын, оның ішінде ұлыған бөрі, арсалаңдаған төбет, аянбай шапқан жылқы дауыстарын мәнерімен салып берді.


“Altay Kai” ансамблі де көмекей әнінің таңдаулы үлгісін көрсетті.


Аталмыш фестиваль аясында алғаш рет қазақтың домбырасы, қырғыз туманың қомызы және өзбек ағайынның дутары бірлесіп, Дәулеткерейдің «Көроғлұ» күйін шарқыратты.


Түркі мәдениетін жаңғырту, ұлттық дәстүрді насихаттау, түркілік бірлікті нығайту мақсатында жыл сайын өткізілетін осы фестиваль биыл Қазақстанның ең телеарнасынан бірден жарияланды. Фестивальдің тағы бір айта кетерлік ерекшелігі концерттер қазақ және түрік тілінде жүргізілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар