Қазақстан – Түркия Достық концерті

Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі Түркияға гастрольге келді.

185315
Қазақстан – Түркия Достық концерті

Қазақстан – Түркия Достық концерті басталады.

Қазақстанның Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі Түркияға гастрольге келді.


Бұл туралы Түркі халықтарының мәдениеті ұйымы Түріксой хабарлады.


Түркі әлемінің замандас классикалық музыка туындыларын тыңдармандармен табыстыратын концерттердің алғашқысы бүгін Ескишехир қаласында болады.


Оркестр 16 қаңтар күні Анкарада, 17 қаңтар күні Болу қаласында, 18 қаңтар күні Стамбулда концерт береді.


Концертте сонымен бірге ғасырдың ең атақты түркі сазгерлерімен бірге сахна шоулары мен дәстүрлі әуендер де сахнада жаңғырады. Оркестрді қазақ дирижер Руслан Баймурзин басқарады. Гастроль шеңберінде солист ретінде Қазақстан және Түркияның танымал әншілері орын алады.


Қазақстанның мемлекеттік өнерпазы, Қазақ бұлбұлы Бибігүл Төлегенова да басты солист ретінде сахнаға шығатын концерттерді «Аққу» би ансамблі мен «Шыңдауыл» ритм тобы да әсемдей түседі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар