Қазақстан Дін істері комитетінен Түркияға сапар

Кездесуде Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық талқыланды.

178334
Қазақстан Дін істері комитетінен Түркияға сапар

Дін істер басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез ҚР Дін істері комитеті төрағасы Ғалым Нұрмағанбетұлы Шойкин және қасындағы делегацияны қабылдады.


Кездесуде Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық талқыланды.


Қонақ делегация Қазақстандағы дін қайраткерлерінің оқытылуына байланысты Түркиядан қолдау сұрады.


Мехмет Гөрмез де «Қазақстанда қызмет ететін дін қайраткерлерінің оқытылуына көмектесуге дайынбыз» деді.


Түркия Дін істері басқармасының Орталық Азиядағы діни ұйым мен мекемелермен ынтымақтастығына да тоқталған төраға Гөрмез «Дұрыс дін білімі қате ой-пікірлердің ортаға шығуына мүмкіндік бермейді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар