Ескишехир мен Шымкент - бауырлас қала

Бауырлас қала хаттамасына Шымкентте қол қойылды.

160500
Ескишехир мен Шымкент - бауырлас қала

Ескишехир қаласының әкімі Гүнгөр Азим Туна бастаған түрік делегациясы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесті.


Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде облыс әкімі Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған ел Түркия мемлекеті екендігін айта отырып, осы жылдар ішінде қос ел арасындағы қарым-қатынас қарқын алғандығына тоқталды.


Өз кезегінде түркиялық делегация жетекшісі Гүнгөр Азим Туна да бауырлас екі ел арасындағы байланыстар жыл өткен сайын нығайып келе жатқандығына тоқталды.


Түрік делегациясының іссапары аясында Түркияның Ескишехир қаласы мен Шымкент қаласы әкімдігі арасында «Бауырлас қала» хаттамасына қол қойылды.


Кездесулерде сондай-ақ экономикалық байланыстардан бөлек білім, ғылым саласындағы әріптестік пен мәдени байланыстарды да нығайту жайында сөз қозғалды.


Түркиялық қонақтар Шымкенттің көрікті жерлерін аралап, индустриялды аймақтағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар