Ақтау мен Самсун – бауырлас қала

Қазақстанның Ақтау қаласы мен Түркияның Самсун қаласы бауырластық туралы келісімге қол қойды.

104887
Ақтау мен Самсун – бауырлас қала

Ақтауда өткен Еуразиядағы Бүкіләлемдік мұралар қалаларының 7-ші Халықаралық конференциясы шеңберіндегі «Біріккен қалалар және жергілікті билік» Бүкіләлемдік ұйымы (БҚЖБ БҰ) Еуразиялық бөлімі Кеңесінің отырысында Ақтау қаласы мен Самсун қаласы арасында бауырластық жөніндегі келісімге қол қойылды.


Бұл келісімнің мақсаты - қос қаланың мәдени салада байланыстарын нығайтып, туризм және әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуына ықпал ету.

Ақтау қаласының әкімдігінен алынған мағлұматқа қарағанда, 2013 жылдың 13 маусым күні Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Елшісі Өмер Бурхан Түзел мырзамен кездесу барысында Түркия қалаларының бірімен бауырластық қарым-қатынастар орнату жөнінде ұсыныс білдірген болатын. Елші өз кезегінде қала басшысының ұсынысына Түркияның өндірістік портты қалаларымен Ақтау қаласы арасында бауырластық қарым-қатынастарды орнату мүмкіндіктерін қарастыруға болатындығын айтқан.


Қол қою рәсімі барысында қала әкімі Ақтау-Самсун қалаларының бауырластық жөніндегі келісімінің қол қойылуына тікелей қолдау көрсеткен Қазақстандағы Түркия Республикасының Елшісі Өмер Бурхан Түзел мырза мен Ақтаудағы Түркияның Бас консулы Мутебер Кылыч ханымға алғысын айтты.


Самсун қаласының мэрі Юсуф Зия Йылмаз Ақтау-Самсун қалаларының бауырлас атануы мәдени байланыстарды беки түсіп, өзара тәжірибе алмасу мен даму көрсеткіштерінің өсуіне ықпал ететіндігіне зор сенім білдірді.


Сурет Ақтау қаласы әкімдігінен алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар