Қазақстан түрік іскерлерін шақырды

Қазақ делециясы Измирде іскерлермен бас қосты.

133199
Қазақстан түрік іскерлерін шақырды

Қазақстан Республикасының Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев басшылығындағы делегация Измир қаласында іскерлермен бас қосты.


18 адамдық делегация Измир қаласында Эгей аймағы өнеркәсіп палатасына барды.


Эгей аймағы өнеркәсіп палатасы Атқару комитетінің төрағасы Эндер Йорганжылар «Шамамен 2,8 миллиард долларға жақын сауда айналымын өзара жүзеге асырдық. Бірақ біздің әлеуетіміз бұл емес. 10 миллиард долларға жететін әлеуетіміз бар» деді.


Қазақстан делегациясы да елдегі шетелдік инвесторлардың жолын ашатын жаңа ережелерге назар аударды.


Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев «Қазақстанда жалпы инвестицияға өзгерістер еніп жатыр. Жаңа бағдарламалар, жаңа мүмкіндіктер туындап жатыр. Ең үлкен мүмкіндік – Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылы 1 қаңтар күніне бастап іске асуы» деді.


Қазақстанның Анкарадағы өкілетті елшісі Түймебаев те «Еліміз соңғы жылдары экономикалық инвестиция саласында үлкен бастамалар көтеріп жатыр. Шетелден инвестиция тарту үшін жаңа қадамдар басылуда» деді.


Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 3 миллиард долларға жақындады. Қазақстанда жұмыс істейтін түрік компанияларының саны болса 500-ден асты.
Қазақстан делегациясы Денизли қаласында да кездесулер жүргізеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар