«Галатасарай» спорт клубы Азияға ашылады
«Галатасарай» спорт клубы мен Қазақстанның "Астана" спорт клубы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
61871
Осы жөнінде хабар «Галатасарай» клубының ғаламтор парақшасында жарияланды. Бұдан былай қазақтың "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубы мен түріктің "Галатасарай" спорт клубы халықаралық қарым-қатынастарын күшейтіп, әлеуетті коммерциялық мүмкіндіктерін жетілдіре түсу мақсатында өзара ынтымақтастықта болады.
Осы аяда Қазақстанның ел ордасы Астана қаласында «Галатасарай» спорт клубы атқару комитеті төрағасы Седат Доған және «Самұрық-қазына» атқарушы директоры Дархан Қалетаев қатысқан рәсімде ықпалдастық меморандумына қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан атом энергиясын өндіру бойынша тағы бір жобаны бастады
«Қазатомөнеркәсіп» Түркістан облысындағы жаңа учаскеде уран өндіретін болды.