Ислам дінін үйренейік-3

Исламның қандай қауым үлгісін нысана еткенін үйренуге тырысамыз.

426193
Ислам дінін үйренейік-3

Бүгінгі бағдарламамызда Ислам дінінің мақсатын, кімдерге арналғанын және Исламның қандай қауым үлгісін нысана еткенін үйренуге тырысамыз.
Ислам дінінің мақсаты адамды кемелді етіп, әлемде тыныштық пен бақытқа, ақыретте және мәңгілікке жеткізу болып табылады.
Ал енді осы мақсатқа жетудің механизмін қасиетті Құранның мына аятынан ұғынамыз: «Мен адамзат пен жындар әлемін тек қана Маған құлшылық етсін деп жараттым».
Ислам дінінің мақсаты адамның ақылын, жігерін және ұжданын қолдануына орай жарату, адамның жауапкершілікпен әрекет жасауын қамтамасыз ету, сондай-ақ оған Алламен, өзімен, басқа адамдармен және табиғатпен қоян қолтық араласуына жағдай жасау.
Адамды әлем тіршіліктеріне және құмарлықтарына құл болудан құтқарып, жаратылу мақсатына сәйкес бір өмір сүруді қамтамасыз ету.
Адамның рухын көтеру үшін істеуге тиісті міндеттерін, Алланың бұйрығы мен өсиеттерін, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты үйретіп, жақсылыққа жетудің жолын көрсету.
Адамның қайдан келіп қайда баратыны, аяғының қандай болатыны сынды мәселелерге жауап бере отырып, өмірін мағыналы өткізуін және тыныштық ішінде болуын қамтамасыз ету.
Адамның заттық және рухани жақтан өзін толықтауын, ең биік шыңға жетуіне мүмкіншілік беруді мақсат етуде.
Қысқаша айтқанда, Ислам дінінің мақсаты адамға барлық орай жаратып, ақыл мен ұжданын қолдануды үйрету. Жаратушы Алла осы туралы «Сен бағытыңды осы дінге бұр. Алланың бұйрығын орында. Ол адамды соған қарата жаратқан. Алланың жаратқанының орнын алатын ешқандай нәрсе жоқ. Міне, кемелді дін осы дін болып табылады. Бірақ адамдардың көбі бұны білмейді» деп бұйырады.


Ислам діні-адамзат баласын жақсылыққа бастайтын ең сенімді және берекелі мектеп. Бұл мектепке еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бүкіл өзекті жандар шәкірт бола алады. Осы мектепті дұрыс оқыған, дұрыс түсінген, білгенін дұрыстап іске асырған жан ертелі-кеш міндетті түрде бақытты болады. Өйткені Исламның көздеген ең түпкі мақсаты--адамзат баласын екі дүниеде бақыт құшағында шалқыту. Бұл мектептің сыртында жүргендер уақыт өткен сайын бағынан айрылып, барын жоғалта береді, жоғалта береді.
Ислам діні ақыл иесі болған адамдарға арналған. Олардың біліп, қалай отырып, өз ынтасымен жасаған әрекетіне көңіл бөледі. Алла адамға ақыл берген. Ал ақылы толысып, балиғатқа келген соң Құдайдың сөзі--Құранды оқып, Пайғамбарлардың соңына ілесу, иманды күшейіп, мұсылмандықты кемелдендіру--негізгі міндет саналады. Түптеп келгенде, Исламның негізгі мақсаты--адам баласын екі дүниеде рахатқа бөлеп, бақыт пен шаттыққа қауыштыру.
Ислам діні жаһандық бір дін. Барша адам баласына жіберілген. Сондықтан Ислам діні ақыл есі бар және ынталы барлық адамдарға арналған.
Әсілінде, шыр етіп дүние есігін ашқан нәресте ә дегеннен-ақ Алла Тағаланың құдіретімен, мейірімімен танысады. Көзімізді ашсақ болды, төбемізде асыл анамыздың күлімдеген көзін көреміз. Маңдайымыздан сипаған жылы алақанын сеземіз. Қарнымыз ашса, анамыздың омырауынан тап-таза, жып-жылы, аппақ сүт біз үшін ағып тұр. Жылай қалсақ, жұбатушымыз дайын. Кірлесек шомылдырып, өссе шашымызды алып, арнайы бір кісі бәйек болып жүр. Мұның бәрі де әрине кездейсоқ болып жатқан дүниелер емес. Жасаған иеміз жіберген ұлы діннің талаптары. Бұған илану үшін ақылдан өзге ештеңе қажет емес.
Ислам отбасы баста болып барлық қауымның сүйіспеншілік, құрмет, бауырластық, игілік, шындық, селбесу, әділет, кешірімдік, сабыр, кең пейілдік, уәдесінде берік болу, адамдарға жақсы мәміле жасау және жылы сөз айту сынды ерекшелікке ие болуын насихаттайды.
Қысқарта айтқанда, Ислам діні адам баласын бақытты ету үшін жіберілген. Бұл бақытқа қол жеткізу үшін асыл дінімізді дұрыс танып-біліп, дұрыс іске асыруымыз міндет.
Исламның мақұл көрген қауымы Алла үшін бас қосқан, Алла үшін сүюді және Алла жолында еңбектенген адамдардан құралады. Мал-мүлік, мәртебе немесе басқа нәпсіге төтеп бере алмаған осы сүйіспеншілік қауымда жақсының көгеруін, жаманның бордай тозуын орнатады.
Пайғамбарымыздың сөзімен Алла үшін бір-бірін сүйгендер шын мәнінде иманның дәмін татқан адамдар болып табылады.Осылайша бір қауымда жылы жүз, мейірім және тамаша морал орын иелейді. Адамдар арасында рақымшылық негіз болады. Зұлмат, тіл тигізу, кемсіту сынды қате тұғыр мен әрекеттерге орын берілмейді.
Ислам мақұл көрген қауымда адамдарға, барлық жандыға және қоршаған ортаға пайдасы тиетін барлық нәрсені жасау және зиян тигізетін барлық нәрсені де жою үшін атсалысады.
Осы қауымда дін жан, ұрпақ, мал-мүлік және ақылды қорғайды. Жақсылықтың егемен болуы және жамандықтың алдын алуы қауымның ортақ міндеті болып табылады. Жаратушы Алла осы жөнінде «Қайырымдылыққа жұмылыңдар. Жақсылық жасайтын және жамандықтан аулақ тұратын бір қауым жарыққа шықсын» деп бұйырады.



Ұқсас жаңалықтар