Грузияда өткен парламенттік сайлауы

Еуразия тынысы 42

598378
Грузияда өткен парламенттік сайлауы

2016 жылы 8 қазан күні Грузияда парламенттік сайлау болып өтті. Төрт жылда бір рет өткізілген және 150 депутат сайланған кезең кейбір оқиғаларды назарға алмағанда тыныш өтті. Сенбі күні өткен парламент сайлауын 11 жергілікті және 55 халықаралық барлығы 1440 ұйым қадағалады. Грузия Орталық сайлау комитетінің мәлімдемесіне қарағанда парламент сайлауы үшін ел көлемінде 1 миллион 814 мың сайлаушы дауыс қолданды және сайлауға қатысушылар 51.63% болып тіркелді.

Тәуелсіз Грузия мемлекетінің 9-шы кезең парламент сайлауына 50-ден астам партия сайлауға қатысу үшін ұсыныс берді. Бірақ парламент сайлауы жарысында тізімде 19 саяси партия мен 6 саяси блог орын алды. Грузия парламентінде орын алатын 150 депутаттың 77-сі саяси партиялардың тізімдері арқылы, 73 депутат болса Грузиядағы аудандық деңгейде дайындалған бөлек тізімдермен сайланады. Аудандардан сайланатын 73 депутаттық орын үшін 59 тәуелсіз, барлығы 800 үміткер жарысты. Орталық сайлау комитеті төрайымы Тамара Жвания аудандардан сайланатын үміткерлердің көпшілігі 50% дауыс жинай алмағаны себепті 50-ге жуық аймақта сайлаудың екінші турының өткізілетінін жариялады.

Бейресми мәліметтерге қарағанда 2012 жылы бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвили құрған биліктегі Грузия арманы – демократиялық Грузия партиясы ел көлемінде 48% дауыс жинады. Грузияның бұрынғы президенті және қазіргі Украинаның Одесса губернаторы Михаил Саакашвилидің оппозициядағы Бірыңғай ұлтшыл қозғалыс партиясы 27% дауыс жинап, парламенттегі оппозициялық тұғырын қорғады. Парламент сайлауында үшінші орын алған Грузия ұлтшылдары партиясының парламентке кіру шарты болған 5% дауысты жинай алып-алмайтыны екінші тур сайлаудың артынан белгілі болмақ. Алғашқы бейресми қорытынды жарияланған соң Грузия премьер-министрі Георгий Кривашвили сайлауда жеңіске жеткендерін жариялады. Бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвили болса сайлаушыларға алғысын айтты.

Сандықтар жабылып, дауыстар санаққа алынған кезде заңсыздық жасалғаны жайлы саяси партиялар мен бақылаушылар тарапынан 46 өтініш Орталық сайлау комитетіне жеткізілді. Оппозициядағы партиялар сайлауға заңсыздық араласқанын жариялады. Парламент сайлауына бақылаушы ретінде қатысқан ұйымдардың көпшілігі сайлауда кішігірім қателіктер жіберілгенін, бірақ жалпы сайлаудың тыныш өткенін және заңды екенін атап көрсетті. Сайлаумен байланысты ең қатты назар аударған мәлімдеме Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) делегациясы тарапынан жасалды. Парламенттік сайлаудың нақты қорытындысының қараша айының соңында жарияланатыны білдірілді.

2013 жылы парламенттік жүйеге өткен Грузияда сайлаудың одан ашық түрде өткенін мамандар атап көрсетеді. Мұның алдыңғы сайлаумен салыстырғанда билік партиясы дауыстарын арттырғанда, оппозициялық партияның дауыстары азайды. Грузия арманы – демократиялық Грузия партиясының сайлаудағы табысы «жүргізген теңгерімді сыртқы саясатпен байланысты» десе болады. Партия әрі Ресеймен жасампаз бір келіссөз жүргізді, әрі Грузияның Еуроодаққа визасыз саяхат жолын ашты.

Сайлау кезеңінде кейбір партиялардың Түркияны ішкі саясатқа араластырғысы келгені де байқалды.  Түркиямен өте жақсы ынтымақтастығы бар Грузия болса, бұл оқиғаларға қарамастан екі жақты ынтымақтастығын жетілдіріп, жалғастырады.

Сайлаудың алдында жүзеге асқан оқиғалардың бірі де Бірыңғай ұлтшыл қозғалыс партиясы депутаты Гиви Таргамадзедің көлігіне 4 қазан күні түнде бомбалы шабуыл жасалуы еді. Денсаулық сақтау министрі Дэвид Сергейенко телеарнада жасаған мәлімдемесінде көліктегілер арасында бір адамның ауыр жарақат алғанын атап көрсетті. Дегенмен бұл шабуыл сайлауға кері әсер етпеді.

Өткен 25 жылда көптеген оқиғаны бастан кешкен және жаңалықтарға ашық Грузия халқы бұл парламент сайлауынан да күшейіп шығады.



Ұқсас жаңалықтар