Дүниежүзілік банк Түркия, Еуропа және Орталық Азия есебін жариялады

Дүниежүзілік банк түрік экономикасының биыл 3 пайыз, келесі жылы 3,6 пайыз өсетінін болжап отыр.

2127012
Дүниежүзілік банк Түркия, Еуропа және Орталық Азия есебін жариялады

Дүниежүзілік Банк Еуропа мен Орталық Азия елдерінің экономикасы туралы есебін жариялады.

Есепте биылғы жылы жаһандық экономиканың әлсіреуі, қатаң ақша-несие саясаты, Қытайдағы баяулау және шикізат бағасының төмендігі аймақтың өсу болжамына қысым жасау салдарынан Еуропа мен Орталық Азия аймағының дамып келе жатқан экономикаларында баяулау күтілгені айтылды.

Ресеймен соғыстан зардап шеккен Украина экономикасының өсімге қайта оралуы және Орталық Азиядағы күшті қалпына келтіру процесінің арқасында өткен жылы Еуропа және Орталық Азия экономикасының 3,3 пайызға өскені атап көрсетілген есепте аймақтық экономиканың өсу жылдамдығының биыл болса 2,8 пайызға дейін төмендеуінің күтілгені болжалды. Есепте Еуропа мен Орталық Азия экономикасының келесі жылы 2,7 пайызға өсетініне де орын берілді.

Есепте түрік экономикасының биыл 3 пайыз, келер жылы 3,6 пайыз өсуінің болжалғаны да атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар