Түркияның медицина туризмі

Өткен жылы Түркияға сауықтыру туризмі үшін шамамен 1 миллион 400 мың адам келді.

2125972
Түркияның медицина туризмі

Түркия денсаулық туризмінің орталық еліне айналды.

Сауда министрлігінің әлеуметтік медиа аккаунтында жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия медициналық туризм таңдауы бойынша елдер арасында жетінші орында тұр.

Өткен жылы Түркияға сауықтыру туризмі үшін шамамен 1 миллион 400 мың адам келді.

Денсаулық сақтау саласының қызмет экспорты 2 миллиард 300 миллион долларға жетті.

Өткен жылы министрлік денсаулық сақтау қызметтерінің экспортында жұмыс істейтін компанияларға қолдау көрсетуді 281 пайызға арттырды. Оларға 733 миллион лира қолдау көрсетілді.

Сауда министрлігінің мәлімдемесінде Түркияның сауықтыру туризміндегі үлесін арттыру үшін жұмыстардың үздіксіз жалғасып жатқаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар