Шимшек Орталық банк бас директорлары жиналысына қатысты

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек G20 министрлері мен Орталық банк бас директорлары жиналысына қатысты.

2109593
Шимшек Орталық банк бас директорлары жиналысына қатысты

Қазына және қаржы министрі Мехмет  Мишшек «Екі жақты кездесулерімде түрік экономикасына қатысты жаңалықтарды бағалай отырып, көп жақты даму банктері және елдерімен қарым-қатынастарымызды, сондай-ақ ынтымақтастығымызды нығайта түсетін мәселелер жөнінде пікір алмастық» деді.

Министр Шимшек  «X» әлеуметтік медиа аккаунтында Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен G20 министрлері мен Орталық банк бас директорлары жиналысы туралы жазба бөлісті.

Жылдың алғашқы G20 министрлері мен Орталық банк бас директорлары жиналысына қатысқандарын айтқан Шимшек былай деді:  «Жаһандық экономикалық болжамға қоса, біз күн тәртібінде тұрған теңсіздікті азайту, халықаралық салық салу және тұрақты дамуды қаржыландыру мәселелеріне баға бердік. Екіжақты кездесулерімде түрік экономикасына қатысты жаңалықтарды  бағалай отырып, көпжақты даму банктерімен және елдерімен қарым-қатынастарымызды және ынтымақтастығымызды нығайта түсетін мәселелер жөнінде пікір алмастық».



Ұқсас жаңалықтар